«Халқымызда «Ынтымақ түбі – игілік» деген аталы сөз бар. Бұл өте қиын кезең әрі біз бір-бірімізге көмектесіп, қолдау көрсететін сәт. Халықтың басына қиын сәт туғанда жәрдем беруден біз де қалыс қалмауды жөн көрдік. Кәсіпкерлер секторы қазір барынша көмек қолын созып жатыр. Әсіресе шағын және орта бизнес өкілдері белсенділік танытуда. Елбасы дер кезінде Үнден жолдап, халықтың денсаулығына, қауіпсіздігіне басты назар аудару керектігін айтып, алаңдаушылық білдіруде. Шымкент қаласында қазіргі таңда қауіптің алдын алуда сақтық шаралары күшейтілген. Барлық мекемелер оған атсалысуда. Кәсіпкерлер де ел арасынан шыққанда мұндай жағдайға жұртпен бірге болуды парызы деп санайды. Ел азаматтаы қысылтаяң кезеңде бірлік пен ынтымақтың ауылынан табылып, қолдауын тоқтатпайды деп сенемін. Әлде де қолдау көрсетуге әзірміз»- дейді Асқар ТҰРЫСБЕКОВ,
Ұқсас жаңалықтар
Әбдірашит ОМАРОВ: ӘЛЕМДІ АЛАҢДАТҚАН ІНДЕТКЕ БӘРІМІЗ БІР БОЛЫП КҮРЕСУІМІЗ КЕРЕК
Әбдірашит ОМАРОВ, «Шымкент Темір» ЖШС басшысы: -Біз Елбасының Үндеуін қолдаймыз. Қазіргі таңда Үкімет барлық сақтық шараларын қолға алды. Елімізге кіретін күре жолдардың барлығы бақылауда. Келген азаматтар тексеруден өтіп, оқшаулануда. Өзгеге залалын тигізбес үшін бұл азаматтарда […]
Шымкенттік кәсіпкерлер мен сауда нысандары иелерінің назарына!
Кәсіпкерлер мен ірі және шағын сауда нүктелерінің иелерінен тұрғындардан қолма-қол ақшасыз төлем жасаудың мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз. Бұл өз кезегінде короновирусты таратпаудың алдын алу үшін қажет. Төлем картасын қабылдайтын құрылғы орнатпаған нысандарға әкімшілік шара қолданылып, […]
Нұрсұлтан Назарбаев «Шымкент ескі қалашығы» археологиялық нысанында болды
Нұрсұлтан Назарбаев «Шымкент ескі қалашығы» археологиялық нысанында болды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның көне тарихи орындарының бірі болып табылатын «Шымкент ескі қалашығы» тарихи-мәдени мұра ескерткішіне барды. Көне қалашықты аралап көру кезінде Елбасы археологиялық жұмыстардың нәтижелерімен және мәдени […]
Пікір қалдыру