Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек шаһардағы он аумақ карантинге жабылған.
Ол 10 аумақ қазір оқшауланып, карантинге жабылған . Атап айтсақ, олар: Жұқпалы аурулар емханасы, «Атамекен», «Мейірім» оңалту орталығы, Екінші қалалық емхана (Медикус), Жаңаталап м.а., «Самал-1» шағынауданы, Мақталы көш №120А,Төрекұлов №204, 8-шағынаудан (№53 көпқабатты үй) және Желтоқсан көшесі 3 А үй.
Айта кету қажет, бүгінде карантин жарияланған аумақтарда жалпы 321 қызметкер жұмылдырылып отыр. Оның ішінде жүз он бес полиция қызметкері болса, он төрт қарулы күштер және жүз тоқсан екі ұлттық ұлан сарбаздары үш ауысымда тәулік бойы қызмет атқарып жатыр екен. Жасыратыны жоқ, бұл сақтық шараларының барлығы да әлемге таралған аты жаман індеттің алдын алу мақсатында жасалып жатыр. Сол себепті, әр азамат сақтық ұстана жүргені абзал.
Еске сала кетсек, дәл қазіргі уақытқа дейін қалада жалпы коронавируспен он төрт адам тіркелді.
Қала аумағындағы жол мәселесі алдағы бірнеше жылда кезең-кезеңімен шешімін табады. Шымкенттің құрамына енген 41 елді мекеннің де инфрақұрылымы қайта қаралады. Миллионды қаладағы жолды жөндеу жұмыстарына биыл қазынадан 25 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл қомақты […]
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Абай ауданы тұрғындарымен кездесіп, елдімекендерде атқарылған жұмыстармен танысты. Аудан әкімі Б. Парманов ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін баяндап, алдағы жоспарларды жеткізді. Бүгінде 27 елдімекенде 257,7 мың халық тұрып жатыр. Сондай-ақ […]
Әл-Фараби ауданы аумағында күзгі тазалық жұмыстарының қарқынды жүргізілуі қала экологиясы мен тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады. ЖСШ «Таза Өлке» қызметкерлері осы бағытта белсенді жұмыс атқарып, қаланың көркін келтіру үшін күнделікті […]
Пікір қалдыру