Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Шымкент қалалық өңірлік комиссиясының шешімімен қаладағы барлық балабақша қызметінің уақытша тоқтатылған мерзімінде меншік түріне қарамастан барлық балабақша қызметкерлерінің жалақылары толық көлемде сақталу туралы шешім қабылданды.
Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді.
Қазіргі таңда қаламызда 75 386 бала болса, 521 балабақша бар. Олардың 82-сі мемлекеттік, 439 – жекеменшік.
Айта кетейік, Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жиырма төртінші сәуірден бастап «Санитариялық індетке қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» №5 қаулысына сәйкес ағымдағы жылдың жиырма алтыншы наурызынан бастап барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары меншік түріне қарамастан жұмыстары тоқтатылған болатын.
Төтенше жағдай әрекет ету кезеңінде Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағалары бекітілді: — I сұрыпты бидай ұны – 166 тг/кг; — І сұрыпты ұннан жасалған бидай наны – 146 […]
Тәуелсіздік алғанға дейін халқымыздың тартқан тауқыметі аз емес. Соның ең қасіретті тұстарының бірі – арыстарымыз жаппай қуғын-сүргінге ұшыраған кез болатын. Бұл – мыңдаған жазықсыз жандардың көз жасы, тарихымыздың шерлі беттерінің бірі. Қазақ халқының интеллигенциясы зобалаң […]
Шымкент қаласында «COVID19» инфекциясымен жалпы 20 адам тіркелді — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Бұған дейін жаман індетке шалдыққандар саны 13 болатын. Алайда қаладағы Желтоқсан көшесі 3 А үйдің жиырма төрт жасар тұрғынына вирустың жұққаны анықталды. […]
Пікір қалдыру