Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Шымкент қалалық өңірлік комиссиясының шешімімен қаладағы барлық балабақша қызметінің уақытша тоқтатылған мерзімінде меншік түріне қарамастан барлық балабақша қызметкерлерінің жалақылары толық көлемде сақталу туралы шешім қабылданды.
Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді.
Қазіргі таңда қаламызда 75 386 бала болса, 521 балабақша бар. Олардың 82-сі мемлекеттік, 439 – жекеменшік.
Айта кетейік, Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жиырма төртінші сәуірден бастап «Санитариялық індетке қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» №5 қаулысына сәйкес ағымдағы жылдың жиырма алтыншы наурызынан бастап барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары меншік түріне қарамастан жұмыстары тоқтатылған болатын.
Шымкентте осы жылдың сәуір және мамыр айына жоспарланған коронавируске қарсы тестілеу жұмыстары 100 пайызға орындалды. Сәуір және мамыр айында инфекцияға қарсы тестілеуден 23039 азамат өту жоспарланған. Бұл жұмыс көлемі артығымен орындалып, соңғы екі айда 23975 […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы – ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды құжатқа айналды. Парламент палаталарының бірлескен отырысында жарияланған […]
«Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Бекжановтың басшылығымен салалық кәсіподақтары аумақтық құрылымдары өкілдерінің кезектен тыс Үйлестіру кеңесі отырысы өтті. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында […]
Пікір қалдыру