Елімізде коронавирус індетіне байланысты жарияланған төтенше жағдай салдарынан табысынан айырылған Шымкент қаласының 40 586 тұрғыны 42 500 теңге төлемді алды. Сонымен қатар, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, Шымкент қаласы бойынша елдегі жарияланған төтенше жағдай кезіндегі 42 500 тг әлеуметтік жәрдемақыға жергілікті атқарушы орган арқылы 7 098 адам өтініш білдірген.
Айта кету қажет, «Мемлекеттік корпорацияға (ЗТМО Еңбек министрлігі) Шымкент қаласынан 43 210 өтініш келіп түскен. Оның ішінде, белсенді тағайындау нысаны арқылы 8 037 азаматтың өтініші тікелей бірыңғай базасына БЖТ электронды төлеушілер порталына келіп түсіп отыр. Айта кету керек, қазіргі таңда әлеуметтік төлем 39 857 азаматқа төленді. Белсенді тағайындау нысаны арқылы — 8 037. Сонымен қатар, жалпы мемлекеттік жәрдемақыны 40 586 азамат алды», — делінген аталған басқарманың мәліметінде.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстармен танысты. Аудан әкімі Рахымберді Мүлкеманов ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін баяндады. Жиын басында қала әкімі есептік кездесудің мақсатын жеткізді. — Кезекті басқосуда сіздермен жүздесіп […]
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Абай ауданының әкімі Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы аудандағы тазалық жұмыстары жөнінде кеңінен баяндады. Абай ауданының аумағында тазалық жұмыстарын жүргізу және әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында ауқымды жобалар қолға алынды. Бұл шаралар тұрғындардың өмір […]
Шымкенттегі халықаралық әуежай аумағында салынып жатқан жаңа жолаушылар терминалының құрылысы қарқынды жүруде. Бұл жұмыстар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент қаласын дамыту жөніндегі тапсырмалары негізінде жүзеге асуда. Бүгінде өткізу қабілеті сағатына 2000 […]
Пікір қалдыру