Шымкент: Әл-Фараби ауданында абаттандыру жұмыстары қызып жатыр

Шымкент қаласы әл-Фараби ауданында абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

«азіргі таңда, аудан аумағында орналасқан 2 гүлзарда абаттандыру, қайта құру жұмыстары жүргізілуде.

Соның бірі, «Д.Қонаев даңғылы мен Ғ.Иляев көшесі қиылысындағы гүлзарды көріктендіру жұмыстарының» жобасы.  Бұш нысанның аумағында газон алаңы толықтай жаңартылатын болады. Сонымен бірге, веложол, жарық шамдар және орындықтар орнатылу қаралған. Көріктендіру жұмыстары да жүргізілетін болады. Қосымша қылқан жапырақты ағаш көшеттері, декоративті гүлдер отырғызылатын болады,»-дейді аудан басшысы.

Сондай ақ Шымкент қаласындағы Д.Қонаев даңғылы мен Түркістан көшесі қиылысындағы гүлзарды көріктендіру жұмыстары басталған.

Әл-Фараби ауданы басшысының айтуынша, бұл нысандар Шымкент қаласының өзіндік келбетін сипаттайтын және қала тұрғындарының демалуына ыңғайлы орта болатын аумаққа айналатын болады.

Айта кетейік, қазіргі таңда әл-Фараби ауданы аудан аумағында 13 саябақ, 18 гүлзар орналасқан. Одан бөлек,  17 ескерткіш және 11 субұрқақ бар.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*