Шымкент қаласында әлеуметтік көмек сұрақтары бойынша CALL-орталық жұмыс істей бастады. Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында әлеуметтік көмек мәселелері бойынша CALL-орталық іске қосылды.
Енді кез келген еліміздің үшінші мегаполисінде тұратын қала тұрғыны «13 00» немесе 8(7252) 77-11-03 нөмірлеріне хабарласып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, мүгедектер мен ардагерлер, басқа да жеке санаттағы азаматтарға арналған әлеуметтік қызметтер мен көмектер туралы толық мағлұмат ала алады. Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген телефон нөмірлері арқылы мамандардың кеңестеріне де жүгінуге мүмкіндіктері бар.
Ескерте кетейік, CALL-орталық дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.
Әлеуметтік көмек тағайындау бойынша қала тұрғындарының көкейінде сұрақ пен мәселе аз болмауы мүмкін. Сондықтан да Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының тікелей мұрындық болуымен іске қосылған CALL-орталық қала тұрғындары үшін үлкен көмек болғалы тұр. Уақытты ұтымды пайдаланып, қажет кеңесті алу үшін үйден шықпай ақ көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарлассаңыз болды.
Пікір қалдыру