Шымкентте короновирусті жеңіп шыққандардың саны 222-ге жетті

Шымкент қаласында короновирус инфекциясын жеңіп, ауруынан айыққандар саны 222-ге жетті. Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі фейсбуктегі парақшасында жариялады. Қуанышты жаңалықпен бөліскен Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, адамзат үшін қауіпті індетпен ауырып жазылғандар ары қарай да ақ халаттылардың бақылауында болады.

Соңғы бес тәуліктің ішінде Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан 22 науқас коронавирус инфекциясынан емделіп, жазылып, бүгінгі таңда үйлеріне шығарылған. Қауіпті дертті жеңіп шыққан науқастардың 17-сі 45-жасқа дейінгі азаматтар болса, қалған бесеуі 50 жастан асқан егде жастағы науқастар екен.

Коронавирус инфекциясынан ауруханадан жазылып шыққандар екі аптаға жуық жергілікті емханасы бойынша дәрігерлердің бақылауында болады.

Айта кетейік, бүгінге дейін Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасынан 222 азамат коронавирус инфекциясынан жазылып, ауруханадан шығарылып, үйлеріне қайтарылды. Бұл ретте алдыңғы шепте еңбек етіп жүрген, короновирус инфекциясымен күресте біліктілік пен асқан төзімділік танытқан медицина қызметкерлерінің еңбегі ерен.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*