Түркістан: Облыс әкімі Төлеби ауданындағы құрылыс жұмыстарын көріп шықты

 

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бір топ депутаттармен бірге
Төлеби ауданы Леңгір қаласының тұрғындарымен кездесті. Облыс басшысы  жаңадан салынып жатқан баспаналардың құрылысын бақылап қайтты.

Мұнда көктемгі, мамыр айындағы сел салдарынан апатты күйге түскен үйлер толық жаңадан салынып жатыр. Су тасқынынан қираған 9 үй жаңа жерге көшіріледі. Қалған үйлер бұзылып, қайта тұрғызылып жатыр. Өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев «Алатау» мөлтек ауданында бой көтерген осы үйлердің құрылыс жұмыстарының барысымен  танысты.

Төлеби ауданында нөсерлі жауын салдарынан жалпы апатты деп танылған 38 баспана толық сүріліп, қазір қайта салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары шілде айына дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр.

Көктемгі сел салдарынан жолдар мен көпірлер де жарамсыз күйге түсіп, су тасқынынан зардап шеккен ауылдардың инфрақұрылымы да істен шыққан болатын. Айта кету керек,  апат салдары аз ғана уақыт ішінде толықтай қайта қалпына келтірілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*