Шымкентте екпінді жел салдарлары қалпына келтірілді

Шымкент қаласында 8-мамыр күні кешкі уақытта күшті жел тұрып, кейбір тұрғын үйлердің шатыры қирап қалған. Ағаштар құлап, кей шағынаудандарда электр жарығы сөніп қалған.

Қаладағы Әл-Фараби алаңы жанында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде профнастилден жасалған шатыры ұшып, жедел жәрдем автокөлігін басып қалған. Ұшқан шатырдың көлемі 120 шаршы метр. Циалковский, М.Х.Дулати көшелері бойында орналасқан үйлердің шатырлары ұшқан. Водопьянов көшесінде орналасқан тұрғын үйдің үстіне үлкен тал құлап, электр сымдары үзілген. Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қатты желдің салдарларын жойды. Төтеншеліктер Шымкент қаласында 8-9 мамыр аралығында ауа-райының өзгеруіне байланысты дауылды алдын ала ескерту жарияланғанын айтады. «8 мамырда кешкі сағат 20.00-ден бастап Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл кезекшілеріне хабарламалар түсе бастады.
Барлық орын алған оқиғалар бойынша Шымкент қаласы ТЖ департаментінің өрт сөндіру және құтқару бөлімшелері шығып, авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстарға жалпы жеке құрамында 20 адам, 6 техника жұмылдырылды. Жарақат алғандар мен қайтыс болғандар жоқ. Оқиға орнында энергетика қызметінің мамандары да тартылды,»-деп мәлімдеді  Шымкент ымкент қ. ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*