Түркістан облысы Жетісай ауданында жылыту маусымына дайындық барысы пысықталып жатыр. Аудан аумағында тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Мәселен, жылыту маусымында улы газбен уланудың орын алатын төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында, Жетісай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі және №03 МӨСБ жеке құрамымен бірлесіп, Жетісай ауданындағы ауылдық округ тұрғындарына өрттің пайда болу факторларының басым көпшілігі, жеке тұрғын үй секторларында орын алатыны жөнінде, және осыған орай, Жетісай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ауыл округтағы тұрғын үйлерді аралау жұмыстарын жүргізу барысында «жылу пештерін жұмыс жағдайларына қарап анықталған кемшіліктерді дер кезінде жою» «Жылу маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау», «Улы газбен уланудың алдын алу» «Тұрмыстық құралдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау» тақырыптар түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жаднамалар мен парақшалар таратылды. Жылыту маусымы қарсаңында қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізу сынды маңызды шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп жоспарлануда.
Ұқсас жаңалықтар
Түймебаев тың жобаларымен өңір туризмін түлетуде
Биыл Түркістан облысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген республикалық және халықаралық жаңа жобалар ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Күнгей.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазығұрт ауданындағы биылғы «Наурыз Қазығұрттан басталады» ұлттық […]
Түркістан облысында туризм индустриясын дамытуға бағытталған 2019-2025 жылдарға арналған бағдарлама қолға алынбақ
Биыл Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Түркістан қаласын Түркі әлемінің рухани әрі ірі туристік орталығына айналдыру жөнінде тапсырма берген болатын. Бүгінде өңірде осы бағытта белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн. Мәселен, бүгінде өңірдегі туризм индустриясын […]
Түркістанды 32 секторға бөліп көгалдандырып жатыр
Түркістан қаласын көгалдандыру мақсатында қала 32 секторға бөлінген. Әр секторға жауапты аудан, қала өз аумағында ағаш отырғызу және абаттандыру жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Сондай-ақ Түркістан қаласында 268 су ұңғымасын жасау жоспарланса, соның ішінде 57 су ұңғымасы […]
Пікір қалдыру