Түркістан қаласында 25 қазан — Республика күні мерекесі қарсаңында интеллектуалды ойын өтті. Шара облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң бастамасымен ұйымдастырылған. Шараға «Конгресс Холл «көпсалалы кешенінің директоры Асқар Кенехан мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Пердебек Есқұлов қатысып, жастарға сәттілік тіледі.
Білімділер сайысында аудан-қалалардан келген 12 команда 5 кезең бойынша өзара бақ сынасты. Сайыс әртүрлі бағыттағы сұрақтар мен тапсырмалар арқылы қатысушылардың ой-өрісін кеңейту және жаңа ақпараттарды игеру мақсатында қолға алынған. Сайыс нәтижесі бойынша Созақ ауданынан келген «Теріскей» командасы 1-орынға ие болды. Жүлделі 2-орынды Арыс қаласынан келген «Арыс арулары» командасы иеленсе, 3-орынға Сайрам ауданынан келген «Эрудит» командасы табан тіреді. Жеңіске жеткен командаларға арнайы дипломдар мен алғыс хаттар және қаржылай сыйлықтар табысталды.
Түркістан қаласында ішкі туризмді дамытуға жан-жақты күш салынуда. Маңызды саланың бүгіні мен болашағы жайлы «Түркістандағы туризм: қарқынды даму уақыты» атты шарада талқыланды. Оған облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев пен қала әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев, […]
Табиғаты әсем Түлкібас ауданы экономикасының дамуының маңызды бағыттарының бірі – туризм саласы. Ауданда туризмді дамытуға ден қойылған. Қазіргі таңда Түлкібаста 36 туристік нысан жұмыс істейді. Атап айтқанда, 6 балалар сауықтыру лагері, 2 емдік сауықтыру орталығы, […]
«Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу» бағыты шеңберінде Жетісай ауданында Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары өкілдерінің қатысуымен «ҚОНЫС АУДАРУ» жәрмеңкесі өтті. Аталмыш шараға 250-ге жуық жергілікті тұрғын қатысып, өздеріне қажетті мәліметтерден […]
Пікір қалдыру