Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университеті — туризм және қонақжайлылық индустриясы үшін кадрлар даярлайтын Қазақстандағы жалғыз бейінді жоғары оқу орны. Университет оқу көлемінің 60%-ын – өндірісте, 40%-ын оқу орнында өткізеді. Бұл туралы брифингте аталған университет ректоры Әлібек Шоқпаров мәлімдеді.
«Университетте қызмет көрсету саласындағы халықаралық ұйымдардың топ-менеджерлерінің қатарына кіретін оқытушы профессорлар сабақ береді. 2024 жылдан бастап 3 жылдық оқыту жүйесі іске асырылуда. Сабақтың тәжірибелік бөлігі туризм саласындағы мекемелер, қонақүйлер, туристік фирмалар, мұражайлар, әуежайлар және мейрамханалар базасында ұйымдастырылады. Осы бойынша дуальды оқыту жүйесі іске асырылуда. Биыл университетті алғашқы 460 түлек бітіріп, олардың 57%-ы үш ай ішінде жұмысқа орналасты. 2022 жылы оқу орны жанынан Ғылыми-зерттеу орталығы құрылды. Оның негізгі міндеттерінің бірі – ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеу және іске асыру. Ал, 2023 жылы универиситет қабырғасында әскери кафедра ашылды. Ол жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруда және олардың ұлттық бірегейлігін нығайтуда маңызды рөл ойнайды», — деді университет ректоры.
Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында «TURKISTAN Sky auto fest – 2024» іс-шарасы басталды. Түркістан қаласының туристік әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шара аясында автокөліктер көрмесі, әуе шарларын ұшыру, қолөнершілердің шеберлік сағаттары, гасторномиялық шоу, концерттік бағдарлама ұсынылды. Іс-шараға […]
Түркістан облысы Сайрам ауданында 100 гектар жерге алма бағы құрылды. Инвестициялық іс-шаралар шеңберінде «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығының қолдауымен және қаржыландыруымен ағымдағы жылы Түркістан облысы, Сайрам ауданында жалпы көлемі 117,6 гектар болатын 7 интенсивті отбасылық алма […]
Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданы, Шақпақ елді мекенінің тұрғыны Гүлмира Сейілбекованың бұған дейін өзінің жеке үйі болмаған. Көп балалы ана жылдар бойы 5 баласымен пәтер жалдап келген. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының 30 жылдығына орай, […]
Пікір қалдыру