Сауран ауданында жиһаз өндірісі жақсы дамып келеді. Облыс басшысы Дархан Сатыбалды Сауран ауданындағы бірнеше нысанды аралап, кәсіпкерлермен кездесті. Өңір басшысы ауданға қарасты Оранғай ауылдық округінде «RICH HOME FURNITURE» жиһаз цехының жұмысымен танысты. Жаңа өндірістік цех заманауи технологиялармен жабдықталған, жылына 500-ден астам үй жиһаздарын шығаруға қауқарлы. Экспорттың негізгі көлемі Орал, Ақтөбе сондай-ақ Қызылорда, Түркістан қалаларына жіберіледі.
Жиһаз жасаушы өндірістің әлеуеті зор. Негізгі арнайы жабдықтарды шетелден алдыртады. Жиһаздардың бірегей үлгісі Ресей, Түркия, Беларусь, Қытай және Италияның сапасы мен дизайны бойынша жасалынуда. Осылайша отандық тауарлар ішкі нарықта сұранысқа ие, өзінің өнім көлемін айтарлықтай арттырып отыр.
– Облыста шағын кәсіпкерлікті, өндірісті дамыту бағытында мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қолдаулар көрсетілуде. Бүгінде өңірде жиһаз кластерін дамыту жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Ол үшін арнайы жер бөлініп, жеңілдіктер қарастырылған, – деген облыс әкімі аудан әкімі мен жауапты басқарманың басшыларына кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын ширату жөнінде тапсырма берді.
Аудан бойынша 2025 жылға дейін 61,4 млрд. теңгенің 102 инвестициялық жобасын іске асыру жоспарланған. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі саласында 23 жоба жүзеге аспақ. Сауранда 12 жиһаз цехын іске қосу жоспарда бар. Оның 9-ы жұмысын бастады.
Жиһаз саласында Түркістан өңірінің әлеуеті жоғары. Осыған орай жиһаз кластерін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Онда жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылады. Облыс Жаңадан салынып жатқан құрылыс нысандарына қажетті жиһардар отандық өндірушілерден сатып алынады.
Түркістан облысы – еліміздің аграрлық әлеуеті жоғары, егін және бақша шаруашылығы дамыған өңірлерінің бірі. Әсіресе, оңтүстік өңірдегі Жетісай ауданы жыл сайын егістік көлемін арттырып, ерте өнім берумен ерекшеленіп келеді. Биыл жетісайлық диқандар 79,3 мың гектар […]
Түркістан облысында «Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы» бекітіліп, өткен жылы 6847 тонна балық өндірілген болатын. Биыл 7000 тонна балық өсіру жоспарланып отыр. Бүгінде тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы орайда Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды […]
Сайрам ауданындағы «Шерзад-1» шаруа қожалығы мемлекет тарапынан қолдау көре алмай отыр, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасап. Сайрам ауданы, Манкент ауылында «Шерзад-1» шаруа қожалығы 2001 жылы іске қосылған. Бүгінгі таңда шаруа қожалық 128 сауынды […]
Пікір қалдыру