Сауран ауданында кәсіпкерлік деңгейі өсіп, жұмыспен қамтылғандар саны күн санап артып келеді. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының аудан тұрғындарымен кездесуінде Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров баяндады.
Демалыс аймағы және қоғамдық қызмет көрсету бойынша 22 нысан салу жоспарланып, 2 нысан іске қосылды. Қалған 20 нысан 2025 жылы аяқталады. Әлеуметтік салада кәсіпкерлер есебінен 15 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы саласында 41 жоба бар. Сy ресурстарын үнемді пайдалану мақсатында 1051 гектарға жаңбырлатып және тамшылатып суару құрал-жабдығын орнату бойынша 5 жоба жоспарланып, орнатылды. Тамақ өнімдері бойынша 3 жобаны жүзеге асыру көзделсе, сүт тауарлы фермасы бойынша 3 жоба іске асырылмақ.
Ауданда мал шаруашылығын дамытуға ға ден қойылған. Бұл бағытта мал бордақылау және мал сою алаңдары мен құс фермасын салу, балық шаруашылығы мен мал азығын дайындайтын комбикорм цехын ашу жоспарда бар. Сонымен қатар 4 гектар жерге өнеркәсіптік жылыжай және 1,7 гектерға фермерлік жылыжай салу көзделіп отыр.
Қазіргі таңда осы аталған жобалар бойынша барлығы 39 жоба іске қосылып, 650 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Бәсекелестік дамымаса, бизнес те өркендемейді. Бұл – айдан анық. Қазір негізгі салалардың көбінде бірнеше ірі кәсіпорын басымдыққа ие болып отыр. Бұл жағдай нарықтағы шынайы ахуалды көрсете алмайды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Үкіметпен бірлесіп, негізгі нарықтарды демонополизациялау үшін шаралар қабылдауға тиіс.
Сауран аауданында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 2023 жылы 34,6 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 129,1% орындалған. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,6 млрд. теңгеге өскен. Оның ішінде, республикалық бюджет 7,5 млрд.тг, жергілікті бюджет есебінен 4,2 млрд. теңге, меншік қаражат есебінен 22,3 млрд. теңге құрады.
Кәсіптен нәсібін тауып отырған шағын және орта бизнес иелері елдің экономикасына сеп болып, өзге де азаматтарды жұмыспен қамтып отыр.
Түркістан облысы Ордабасы ауданы Қажымұқан ауыл округінде орналасқан «Елнұр-Айдар» өндіріс кооперативі 2017 жылдан бері тропикалық жемістер мен алма бауын өсірумен айналысып келеді. Қазіргі таңда 1 гектарға анар, 3 га жерге алма, 0,5 гектарға лимон еккен. […]
Түркістан облысында «Заң мен Тәртіп» идеологиясын насихаттау мақсатында ішкі істер органдарының қызметкерлері ерекше патриоттық акция өткізді. Ел ішінде заң үстемдігін, тәртіп пен әділдікті дәріптеуді мақсат еткен шара аясында Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы мен […]
Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласына бір жарым миллионнан астам құты дәрі келді. Бүгін Түркістан қаласына көршілес Өзбекстан Республикасынан 100 млн теңгеге 142 мың қорап дәрі келді. Олардың арасында «Аскорбин қышқылының инъекцияға арналған ерітіндісі» – 1 […]
Пікір қалдыру