Шардара қаласында саябақтар саны тағы біреуге артатын болды. Аудан әкімі Арман Қарсыбаев бүгін тиісті сала мамандарымен бірге жаңа демалыс аймағына арналған жерді барып көрді. Шардара-Шымкент трассасы мен Шардара-Жаушықұм трассасының қиылысқан тұсынан, «Болашақ» шағынауданынан ашылатын саябақта тұрғындардың жайлы демалып, көңілді сейіл-серуен жасауы үшін барлық жағдайлар жасалынатын болады.
Жалпы аумағы 4 гектарға жуықтайтын саябақтың қазығы келесі аптада қағылып, құрылыс жұмыстары басталмақ. Аудан басшысы Арман Романұлы жаңа нысанда жүргізілетін жұмыс жобасын тағы бір пысықтап, құрылыстың сапалы әрі уақтылы аяқталуы қатаң бақылауда болатынын атап өтті.
Жалпы Түркістан облысында Шардара ауданы жағажай туризмін дамытуға қолайлы аймақ екені көптен бері айтылып келеді.Ата-бабаларымыз ежелден саят құрып, жүйрік жарыстырып, құсбегілікті жоғары бағалаған. Теңіздің қадірін білген. Осынау ізгі қасиеттерді жаңғыртатын іс-шаралар жиі ұйымдастырылатын Шардараның жағалауы шетел туристерін қызықтыратын орынға айналуы тиіс және осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Бір кездері мұзбалақ ақын Мұқағали жырлаған «Шалқадан жатқан Шардараның» бүгіндері тебіреніп, тербеліп, шабыттанып жатқан жайы бар.
Жағажайымен ғана емес, жаңа салынған саябақтарымен де көпшілікті таңғалдыратын болады. Тек туристтер ғана емес, өлкенің тұрғындарына таптырмас демалыс аймағы болады деп сенеміз.
Түркістан облысы Кентау қаласында ковид жұқтырған 7 әйел аман-есен босанды. Кентау қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасында ковид инфекциясын жұқтырған 7 әйел аман-есен босанып шыққан. Қазір ана мен балалардың жағдайлары жақсы. Бұл туралы аурухананың бас дәрігері Гүлбану […]
Түркістан облысында қолөнер бұйымдарын жасау ертеден келе жатқан үрдіс. Бұл істі одан әрі жандандыру мақсатында тұрақты түрде қолөнершілер көрмелері, сайыстар, іс-шаралар ұйымдастырылуда. Өңірдің қолөнер шеберлері республикалық және халықаралық көрмелерге белсене қатысып келеді. Астана қаласында өтіп […]
Түркістан облыстық медициналық жедел-жәрдем қызметінің Call-орталығына Сарыағаш ауданынан 1 жасар сәбидің дәрінің үш данасын жұтып, қақалғандығы туралы шақырту түскен. Дәрі нәрестенің өңешіне тұрып қалып, тұншыға бастаған. Құтқару тобы шақыртуға шұғыл аттанып, 6 минутта жеткен. […]
Пікір қалдыру