Тәртіп пен тәрбие – бір тамырдан тарайтын егіз ұғым. Ал бұл қос құндылық өмірлік ұстанымына айналған жандардың бірі – полиция подполковнигі Жұпаркүл Абибуллақызы Абдибекова.
Бүгінде ол – Ордабасы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі құрамында учаскелік полиция инспекторы болып қызмет атқарады.
Жұпаргүл жай ғана тәртіп сақшысы емес, бүтін бір династиялық отбасының тірегі, ұрпақ тәрбиесіне де, қоғам тыныштығына да үлесін қосып келе жатқан жан. 1995 жылы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, 1999 жылы заңгер мамандығын алып шыққан сәтінен бастап, оның құқық қорғау саласындағы еңбек жолы басталады.
Бүгінде қоғамның қауіпсіздігі үшін тынбай еңбек етіп жүрген қызметкер. Жұбайы – ІІО ардагері, запастағы полиция майоры Серік Берікұлы Әбдібек. Қырық жылдан астам өмірін құқық қорғау саласына арнап, түрлі лауазымда қызмет атқарған.
Бүгінде бұл отбасы – нағыз династиялық әулет. Жеті баланың барлығы түрлі салада табысты еңбек етуде: үлкен ұлы Қадыр-Шымкент ҚПД-нің Жедел қимылдайтын арнайы жасақ аға инспекторы, полиция капитаны болса, кейінгі ұлы Мұқасан-азаматтық қорғау капитаны. Жеті бала тәрбиелеп, сегіз немеренің қызығын көріп отырған Жұпаргүл ханым – қызмет пен отбасы, тәртіп пен аналық мейірімді қатар алып жүрген жан. Бүгінде бұл отбасы – тек бір әулеттің ғана емес, бүкіл Ордабасы жұртшылығының мақтанышына айналған.
Полиция күні қарсаңында мұндай отбасылардың еңбегі ерекше құрметке лайық. Себебі олар үшін ел алдындағы міндет – парыз ғана емес, өмір салты. Қызметтің киесі мен қадірін жүрекпен сезініп, ұрпағына үлгі бола білген династия – ел тыныштығының тірегі.
Түркістан ауылшаруашылығы және мал шаруашылығы бойынша республикада көш бастап тұрған облыстың бірі. Шетелдік инвесторлар осы бағыттарға қызығушылық танытуда. Бүгін Сауд Арабия және Түркия елінің инвесторлары өңірдің инвестициялық ахуалымен танысып, мал шаруашылығы және жылыжай салу бойынша […]
Ағын су мәселесі енді ордабасылық шаруаларды уайымға салмайды. Аудан әкімі Н.Тұрашбековтың ұйымдастыруымен, аудан аумағындағы 43 канал демеушілер есебінен механикалық тазалаудан өткізілуде. Бүгінгі таңда 118 шақырым су арнасы толық тазаланып іске қосылса, 96,6 шақырымындағы жұмыстар […]
Түркістан облысында 120 мыңнан астам азаматқа 4 тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек автоматты түрде тағайындалады. 22 мың отбасыдағы 120 мыңнан астам облыс тұрғындарына, IV тоқсанда атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі — АӘК) тағайындау, олардың мемлекеттік мекемелерге […]
Пікір қалдыру