Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Азат» шағын ауданында жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту бағытында кездесу өтті.
Кездесуге «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкері, «Азат» шағын ауданының тұрғындары қатысты. Сондай-ақ, белсенді азаматтары және сол ауданның жастары бой көрсетті.
Жиында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау, мемлекеттік этносаясатқа қатысты құқықтық тұрғыдағы ақпараттар, қолданыстағы заңнамалардың сақталуы, жастардың міндетті әскери борышты өтеуі, т.б. мәселелер сөз болып, өзара пікірлер алмасылды.
Бірлік – адамзатты жаңа белестерге шығарған үлкен құндылық. Бұл қасиетті қадір тұтқан қазақ халқы оны мақалдарынан да, даналықтарынан да жырақ қалдырмаған. Ұлы Дала пәлсапасының көрінісі болған мақалдарда «бірлік болмай тірлік болмайды» деген қанатты сөздері бар. Бұл тәмсілдің тереңінде бірігудің, татулықтың негізінде биік белестер бағынып, алынбас асулар алынады.
Бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі достықтың бай тәжірибесі ұлттық татулық пен келісімнің ғана халықтардың экономикалық теңдігі, саяси және мәдени дамуын, өзара достықты, ұлттық мүдделер мен ұлттық ерекшеліктерді, тілдердің бір-біріне деген құрметін қамтамасыз ете алатынын көрсетті.
Аталмыш кездесудің негізгі көздегені біреу, ол — татулық пен бірлік. Жиын барысында өзара кері байланыса отырып, көпшіліктің көкейіндегі кейбір түсініспеушіліктің түйіні тарқады. Ал аға буын тарапынан осындай жиындардың жиі өткізілуі — жастарға ерекше серпіліс, жаңаша көзқарас беретіні байқалды. Татулық пен бірлікті негіздейтін осындай шағын жиындар қаламыздың басқа да аудандарында жалғасын табатын болады.
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтті. Кеңес отырысының күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қарастырылады: 1. Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының 10 айда атқарылған жұмыс есебі; 2. Жас отбасылардың […]
Туркестанская молодежь соревновалась в сборе хлопка, картофеля, яблок и стрижке овец. Два дня молодые люди посвятили знакомству с жизнью на селе. Активные и талантливые волонтеры не только знакомились с жизнью села, но и приняли […]
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі – ұрпақ тәрбиесі болды. Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы. Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алып, өзінің дербес мемлекеттілігін қалыптастыруда. Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген […]
Пікір қалдыру