Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Азат» шағын ауданында жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту бағытында кездесу өтті.
Кездесуге «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкері, «Азат» шағын ауданының тұрғындары қатысты. Сондай-ақ, белсенді азаматтары және сол ауданның жастары бой көрсетті.
Жиында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау, мемлекеттік этносаясатқа қатысты құқықтық тұрғыдағы ақпараттар, қолданыстағы заңнамалардың сақталуы, жастардың міндетті әскери борышты өтеуі, т.б. мәселелер сөз болып, өзара пікірлер алмасылды.
Бірлік – адамзатты жаңа белестерге шығарған үлкен құндылық. Бұл қасиетті қадір тұтқан қазақ халқы оны мақалдарынан да, даналықтарынан да жырақ қалдырмаған. Ұлы Дала пәлсапасының көрінісі болған мақалдарда «бірлік болмай тірлік болмайды» деген қанатты сөздері бар. Бұл тәмсілдің тереңінде бірігудің, татулықтың негізінде биік белестер бағынып, алынбас асулар алынады.
Бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі достықтың бай тәжірибесі ұлттық татулық пен келісімнің ғана халықтардың экономикалық теңдігі, саяси және мәдени дамуын, өзара достықты, ұлттық мүдделер мен ұлттық ерекшеліктерді, тілдердің бір-біріне деген құрметін қамтамасыз ете алатынын көрсетті.
Аталмыш кездесудің негізгі көздегені біреу, ол — татулық пен бірлік. Жиын барысында өзара кері байланыса отырып, көпшіліктің көкейіндегі кейбір түсініспеушіліктің түйіні тарқады. Ал аға буын тарапынан осындай жиындардың жиі өткізілуі — жастарға ерекше серпіліс, жаңаша көзқарас беретіні байқалды. Татулық пен бірлікті негіздейтін осындай шағын жиындар қаламыздың басқа да аудандарында жалғасын табатын болады.
Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті ғимаратында «Ассамблея жастары» мен «Достық» клубы бас қосты. Аталмыш жиынды «Достық» клубының басшысы Г. Сейдахметова жүргізді. Түрлі ұлт өкілдерінің мүшелері жиналған жиын еркін форматта өтті. Шара барысында «Ассамблея жастары» […]
«Арбат» алаңында «Жастарға жұмыс» республикалық бос жұмыс орындарының республикалық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкені ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «AMANAT» партиясының қолдауымен Шымкент қаласы әкімдігі ұйымдастырды. Маңызды іс-шараға қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов […]
«Жастар өзгеруді бастады! Сенде өзгер!» ұранымен «Jas Otan» жастар қанаты «Бірге өзгер» атты акциясын жариялайды. А. Асқаров атындағы дендросаябақта шымылдығын түрген игі шара 26.10.2020 – 06.11.2020 аралығында 10 күн бойы жалғасатын болады. Қазіргі таңда […]
Пікір қалдыру