Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жұмысы жалғаса беретінін айтты.
«Президент Әкімшілігі басты «саяси штаб» ретінде мемлекетті әлеуметтік-экономикалық дамытудың стратегиялық бағыттарына, ішкі және сыртқы саясат, қорғаныс және қауіпсіздік, құқық және кадр саясаты мәселелеріне барлық күш-жігерін жұмылдырады.
Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жолындағы жүйелі жұмыс жалғаса береді. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін түбегейлі өзгерту қажет. Бізге оның мейлінше шағын және қолайлы болғаны маңызды», — деді Мемлекет басшысы.
Президент тапсырмалардың орындалуын бақылау және бағалау жұмысын да қайта қарау қажеттігін баса айтты.
«Қазір қоғамда жаңа әдіс-тәсілдерге, жаңа идеяларға, жаңа кадрларға деген сұраныс аса жоғары. Сондықтан саяси мемлекеттік қызметшілердің резерві құрылады, соның арқасында «қосымша кадрлар тобы» қалыптасады.
Қазір кадр тапшылығы өзекті мәселе болып тұрған кезде мұндай қадам өте маңызды. Жоғары лауазымға ие болғысы келетіндер көп, бірақ олардың біліктілігі тиісті талапқа сай келмейді. Демек, кадр мәселесін міндетті түрде қолға алуымыз керек, сапалы мамандар тәрбиелеу қажет. Бұл ретте саяси партиялардың кадрлық әлеуетін де пайдаланған жөн.
Аймақтағы атқарушы биліктің шешім қабылдау ісіне азаматтардың тікелей қатысу мүмкіндігін біртіндеп арттыру да маңызды. Ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін тұрғындар өздері сайлай бастағанына екі жылдан асты. Содан бері ауылдық деңгейдегі әкімдердің төрттен үші сайланды. Енді аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдерін сайлап көреміз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының жолдауын халыққа кеңінен түсіндіру бойынша қаламызда түрлі деңгейдегі кездесулер ұйымдастырылатын болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Смитсон орталығының халық шығармашылығы және мәдени мұра арнайы жобалары жөніндегі директоры Халле Батвинге қазақ мәдениетін Америка Құрама Штаттарында белсенді түрде насихаттап жүргені үшін ризашылығын білдірді. Президенттің айтуынша, мәдени дипломатия — екіжақты […]
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитіне ерекше мән беретінін жеткізіп, аталған жиын аймақ елдерінің Еуропа Одағымен диалогын ілгерілетуге ықпал ететініне сенім білдірді. Президенттер Алматыдағы бейресми кездесудің нәтижелі өткеніне назар аударды. Сондай-ақ […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорктегі жұмыс сапары барысында өткен «дөңгелек үстел» отырысында АҚШ-тың жетекші бизнес өкілдерімен мазмұнды пікір алмасу өтті. Кездесу аясында Президент Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы инвестициялық және экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттарына […]
Пікір қалдыру