Бүгінде ел кәсіпкерлері мемлекет тарапынан жүйелі ұйымдастырылған қамқорлықты сезіне бастады.Қала аумағында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде 3 378 жобаға қолдау көрсетілген. Мемлекеттік қолдаудың жалпы соммасы 11 миллиард 1,1 миллион теңгені құрап отыр.
Бұрын бизнесті тіркеуден бастап, оған тиісті рұқсаттама-құжаттарды алу мәселесі, тағы да басқа әкімшілік кедергілер көп болатын.
Ұлттық жобада шағын кәсіпкерлер, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері алатын несиелердің сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау көзделген.
Мұндай кәсіпкерлерге берілетін несиенің шекті соммасы 3 миллиард теңгеден, ал, несиелеу мерзімі 5 жылдан аспауы шарт. Несиенің сыйақы мөлшерлемесі ҚР Ұлттық банкі белгілеген базалық ставкаға 5 пайыз қосқандағы көрсеткіштен аспауы тиіс. Оның 13,75 пайызын мемлекет субсидиялайды, ал айырмасын кәсіпкердің өзі төлейді. Оған қоса ұлттық жоба шеңберінде екінші деңгейлі банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіру тетігі де қарастырылған.
Банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлеменінің бір бөлігін субсидиялау бағыты бойынша 3 021 жобаға 10 миллиард 921,9 миллион теңге қолдау көрсетілген. Ал, банк несиелерін ішінара кепілдендіру бағыты бойынша 357 жобаға 939,2 млн. теңге қолдау көрсетілген.
Айта кетейік, ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік гранттар ұсынуды қазан айында өткізу жоспарлануда.
Шымкент сырасы шет елдіктердің сүйікті сусыны. Отандық өнім Өзбекістан мен Ресей, Қырғызстан және Қытайға экспортталуда. Шымкенттегі кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бүгін қала әкімі М.Әйтенов «Шымкент сыра» зауытына барды. Шымкенттің салқын сырасын шығаратын зауытта 500 адам жұмыспен […]
В Шымкенте прошёл совместный рейд по борьбе с незаконным оборотом рыбных ресурсов. Мероприятие было организовано прокуратурой города при участии инспекторов отдела рыбной инспекции по Туркестанской области, а также сотрудников природоохранной полиции Ал-Фарабийского и Каратауского районных […]
Шымкенттік Динара Бабақулова бір жылдан бері асыл тұқымды бройлер балапандарын инкубаторда өсіріп, етін саудалап келеді. Бизнес-жобасы комиссияның шешімімен мақұлданып, қайтарымсыз қаржы алған болатын. — Кәсіпті зерттеуге, үйренуге 70 жұмыртқаға арналған инкубатордың көмегі көп болды. Шаруашылықтан […]
Пікір қалдыру