Шырайлы шымкенттің басшысы Ғабит Сыздықбековтың қатысуымен өткен арнайы жиында жылу маусымының соңғы сатысындағы дайындық шаралары талқыланды. Қазір қаланың 23 бөлек орналасқан жылу қазандықтарынан 20-сы қысқы маусымға дайын. Қалғандарында тиісті жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Ал Ж.Адырбеков, Т.Орынбаев көшелеріндегі 4,1 шақырым жылу желілерін және 2 сорғы станциясын қайта құру нысаны бойынша орындалғаны бүгінде 3,7 шақырым. Қазір сорғылар нысан басына жеткізілген. Жылу маусымына дайындық жаз айларынан бері жүргізіліп жатыр. Тексеру, қалыпқа келтіру шараларына біраз уақыт кетеді.
Бүгінде қала аумағында 2 мыңнан астам көпқабатты тұрғын үйдің 93%-ы жылу маусымына дайын. Бұл бағыттағы жұмыстар 1 қазанға дейін аяқталады. Сондай-ақ 464 бюджеттік мекемеде де әзірлік шаралары аяқталып келеді. Инфрақұрылым желілерінің дайындығы да кестеге сәйкес атқарылуда. Ал №1 қазандықтағы жөндеу жұмыстары аптаның аяғына дейін аяқталады.
Жалпы қаланың 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының барысы қала әкімінің тікелей бақылауында. «Жылу қазандықтарына жауапты әрқайсыңыз тиісті нысандарды аралап, жылу жүйелерін тағы бір тексеріп шығыңыздар. Қандай бар бір өзекті мәселе болса, ашық жеткізу керек.
Әрбіріңізді жүктелген міндеттеріңізге жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Халықтың игілігі үшін баршамыз жұмыла жұмыс жүргізейік. Жылу маусымына дайындық жұмыстарын жеке аралап көремін», — деді мегаполис басшысы. Жылу маусымына дайындық шараларына апта сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде.
Шымкент қаласында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы онлайн форматта өтті. Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Қоғамдық көліктердің жұмысын жақсарту, маршруттар желісін жаңарту және дамыту жөніндегі кешенді схема туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Талғат […]
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің ресми парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес, қалада «Зеленая балка» деп танымал шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасы әзірленді. Бұл жобаның басты мақсаты — қаланың шеткі аймақтарының инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік және экономикалық ахуалды түзету, тұрғындардың […]
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен өткен республикалық «Мың жүйрік» байқауы қорытындыланды. Этнос балаларының қатысуымен болған жоба биыл төртінші рет өтуде. Аталмыш жоба Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық […]
Пікір қалдыру