Шымкент: Қоғамдық кеңестің отырысы онлайн форматта өтті

Шымкент қаласында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы онлайн форматта өтті. Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Қоғамдық көліктердің жұмысын жақсарту, маршруттар желісін жаңарту және дамыту жөніндегі кешенді схема туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Талғат Хосчанов автобустарды мобильді қосымша арқылы бақылауға, жол ақысын электронды төлеуге және жаңа бағыттар ашылатынын айтып, цифрлық және интеллектуалдық жүйе енгізілетінін жеткізді. Жаңа жүйеге кезең кезеңімен көшу жоспарланған. Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов жүйе қала ішіндегі кептелістің азаюына, тұрғындардың діттеген жеріне тез жетуіне, жемқорлықтың алдын алуға, «Smart city» жүйесіне тезірек көшуге мүмкіндік беретінін айтып, аталған концепция тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де үлкен септігін тигізетінін мәлімдеді.
Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу туралы баяндаған Жанат Тәжиева биылғы 2019-2020 оқу жылында бітіруші 8 885 түлектің 6 799-ы ҰБТ тапсыруға өтініш білдіргенін мәлім етті. «Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты ҰБТ-ға өтініштерді қабылдаудың форматына өзгерістер енгізілді. Яғни, оқушыларымыз ағымдағы жылдың сәуір айының 15-нен бастап мамыр айының 10-ы күні аралығында ҰБТ-ға өтінішітерін онлайн тіркеді. Ал, тестілеу қаладағы төрт жоғары оқу орындары жанынан құрылған Ұлттық бірыңғай тестілеу орталықтарында өткізіледі,»- деді басқарма басшысы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*