Бүгінде ел кәсіпкерлері мемлекет тарапынан жүйелі ұйымдастырылған қамқорлықты сезіне бастады.Қала аумағында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде 3 378 жобаға қолдау көрсетілген. Мемлекеттік қолдаудың жалпы соммасы 11 миллиард 1,1 миллион теңгені құрап отыр.
Бұрын бизнесті тіркеуден бастап, оған тиісті рұқсаттама-құжаттарды алу мәселесі, тағы да басқа әкімшілік кедергілер көп болатын.
Ұлттық жобада шағын кәсіпкерлер, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері алатын несиелердің сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау көзделген.
Мұндай кәсіпкерлерге берілетін несиенің шекті соммасы 3 миллиард теңгеден, ал, несиелеу мерзімі 5 жылдан аспауы шарт. Несиенің сыйақы мөлшерлемесі ҚР Ұлттық банкі белгілеген базалық ставкаға 5 пайыз қосқандағы көрсеткіштен аспауы тиіс. Оның 13,75 пайызын мемлекет субсидиялайды, ал айырмасын кәсіпкердің өзі төлейді. Оған қоса ұлттық жоба шеңберінде екінші деңгейлі банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіру тетігі де қарастырылған.
Банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлеменінің бір бөлігін субсидиялау бағыты бойынша 3 021 жобаға 10 миллиард 921,9 миллион теңге қолдау көрсетілген. Ал, банк несиелерін ішінара кепілдендіру бағыты бойынша 357 жобаға 939,2 млн. теңге қолдау көрсетілген.
Айта кетейік, ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік гранттар ұсынуды қазан айында өткізу жоспарлануда.
Шымкент қаласында Патрульдік полиция полкі мен «Жастар ресурстық» орталығының бірлескен ұйымдастыруымен «Жаяу жүргінші» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тұрғындарға кешенді түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл шараның негізгі мақсаты – қала тұрғындарының жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетін көтеру […]
Полиция города Шымкента обращает внимание жителей: с 16 июля 2025 года в Казахстане вступил в силу закон, который официально закрепил уголовную ответственность за сталкинг — систематическое и навязчивое преследование человека. Новый правовой механизм был введён […]
Бүгінгі қоғам – ашық қоғам. Тұрғындардың сенімі, азаматтардың ақпараттар мен мемлекеттік қызметтерге деген қолжетімділігі ашық әрі жария түрде жүреді. Әрине қоғамның қозғаушы күші – мемлекеттің саясаты болғандықтан, етене жұмыс, сенімділікке ие болу басты қағидамыз болып […]
Пікір қалдыру