Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрына арнайы барып, театрдың тыныс-тіршілігімен, ондағы шығармашылық атмосферамен танысты. Өңірдегі балаларға арналған бірден-бір мемлекеттік жалғыз өнер ордасы — Қуыршақ театрының құрылғанына биыл 40 жыл!
Көрермен көзайымы болған театр репертуарында отандық және шетелдік авторлардың қазақ және орыс тілдерінде 150-ге жуық қойылымдары сахналанып, қазіргі репертуарда 60-қа жуық қойылым жоспарланған. «Алтын қордағы» ертегілермен қатар, қазақстандық, шетелдік, жергілікті авторлардың шығармаларынан ересектерге арналған туындылар сахналанып келеді.
Дегенмен, театрдың бүгінгі түйінді мәселесі – өнер ұжымына берілген ғимараттың ескіріп, тозуы. Қала басшысымен кездесу барысында осы мәселе қозғалды. Мұрат Дүйсенбекұлы алдағы уақытта ғимарат мәселесін шешу жолы мен ұсыныстар әзірлеуді қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысына тапсырды.
Айта кетейік, мәденит, өнер саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында театр 17 шетелдік, оның ішінде Перу, Эстония, Латвия, Италия, Франция, Түркия, Қытай, Корея, Иран мемлекеттері және 7 қазақстандық, Алматы, Ақтөбе, Қостанай қалалары мен Маңғыстау облыстық қуыршақ театрларымен екі жақты меморандум жасалды. Алдағы уақытта театрдың 40 жылдық мерейтойына орай халықаралық қуыршақ театрлары фестивальін өткізу жоспарлануда.
Театр Қарағанды қаласында өткен «Куклияндия» халықаралық қуыршақ театрлары фестивальдеріне қатысып, үздік балалар қойылымы атты номинацияны жеңіп алды. Мұрат Дүйсенбекұлы өнер ұжымының басшылығы мен театр труппасына шығармашылық шабыт пен өрлеу тіледі.
Шымкент қаласы әкімдігінде қалада инфекциялық аурулардың көбеюіне байланысты халыққа дәрі-дәрмек қаншалықты қолжетімді болып жатқандығы жөнінде қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ләззат Қашқынбаева және Шымкент қаласы бойынша Фармацефтика […]
Үшінші мегаполистен бой көтерген су жаңа 7 қабатты қонақ үй заңсыз деп танылды, деп хабарлайды «Отырар» телеарнасы. Шымкенттік кәсіпкер Бекет батыр көшесінің бойына құызрлы органдардан 3 қабатты тұрғын үй салуға рұқсат алған. Алайда, кейіннен ол […]
Шымкент қаласында тағы 4 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бүгін 10-мамыр күні 4 жағдай тіркелді (10.05.2020 жылғы сағат 13:00-дағы мәлімет бойынша). Аты жаман індеттің тырнағына іліккендердің үшеуі жұқпалы респекторлы вирусты инфекциясымен дәрігерлерге қаралған. Вирус жұқтырған 1987, […]
Пікір қалдыру