Өз құқығыңды біліп, оны талап ету құқықтық сауаттылықтың тек бір бағыты. Кейде, заңды біле тұра ешнәрсе істей алмайтындай жағдай болады. Себеп – құқықтық сауаттылықтық болмауы. Салдарынан түрлі қиындыққа тап болуы мүмкін.
Ондай жағдай да, адамдар алданып, өзгенің арбауында кетеді. Тіпті, алаяқтарға жем болып, қалтасындағыны қағып беретіндер өте көп.
Осыған орай, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері Забадам елді-мекенінің тұрғындарымен кездесті.
Олар, тұрғындар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, рухани құндылықтарды дамыту бойынша сыр шертісіп, ой бөлісті. Сондай-ақ, заңнамаға енгізілген өзгерістермен таныстырды.
Құқықтық сауаттылық — ол мемлекеттің құқықтық негіздерімен, нормаларымен таныс болу. Яғни өз құқығын білген адам ғана кез келген ситуациядан оңайлықпен шыға алады. Жоғарыда айтылғандай өміріне алып келетін түрлі деңгейдегі қиындықтардың алдын алады.
Құқықтық сауаттылық әр адамға керек. Әсіресе, қазіргі заманда. Себебі қазір барлық жерде заң үстемдік етеді. Заң жүрген жерде әр адамның құқығы қоса жүреді. Барлық адам тең құқылы. Ешкімнің ешкімге зәбір көрсетуге, әлімжеттік жасауға құқы жоқ. Бұл әр адам білуі керек болған құқықтық сауаттылықтың әлқисасы.
Кездесуге құқықтық сауаттылық бойынша Әділдік жолы ҚБ Шымкент қаласы филиалының төрағасы Айжан Кесебай, психолог, оратор Марал Жұмагелді мен Мансап орталығының маманы Журимбаева Сайда қатысты.
Сала мамандары халықтың ой-пікірін тыңдай отырып, психологиялық кеңестер берді. Бұдан бөлек, мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктер мен бағдарламалар жөнінде толығырақ түсііндірме жұмыстарын жүргізді.
В Шымкенте состоялась важная встреча, посвящённая вопросам воспитания молодёжи и подростков. Главная тема мероприятия — как принимать жизненно важные решения осознанно и правильно, понимая последствия каждого шага. Организаторы подчеркнули: именно выбор, сделанный в юном возрасте, […]
Шымкент қаласында қоғамдық көлік пен жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Патрульдік полиция полкі қызметкерлері кезекті рейдтік тексеріс жүргізді. Тексеру нәтижесінде бірқатар құқықбұзушылықтар анықталды. Қызмет барысында тәртіп сақшылары қалааралық бағытта қатынайтын автобустар мен шағын тасымалдау […]
Бүгін білім беру саласы қызметкерлерінің «Ұстаздар күні» мерекесі тақырыбында «Түркістан сарайы» мәдениет үйінде қалалық іс-шара өтті. «Ұстаздаркүні» мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шара — жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде талмай еңбек етіп, ұлылықты бойына жинаған, білім нұрын […]
Пікір қалдыру