Бүгінде қалада жеке инвесторлар жаңа жолаушылар терминалының құрылысын жүргізуде. Құрылыс жұмыстарына 120-150 адам тартылған. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов жауаптылармен бірге құрылыс барысын пысықтады. Қазіргі таңда терминалдың шатыры толық жабылып, қасбеттік жүйелері монтаждалып, желдеткіш жүйелері орнатылуда. Шымкент қаласының дамуына, көркейіп
Сонымен қатар, богаждық жүйенің құрылғылары мен лифтілер, эскалаторлар орнатылып, инженерлік желілер құрылуда. Жалпы жобаның орындалуы қазір 85% ға жетті.
Әкімдік тарапынан инвесторды қолдау мақсатында әуежай алдындағы алаңдағы автотұрақты абаттандыру, жаңа терминалға апаратын кірме жол салу және жолаушылар терминалына инженерлік желілерді салу жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі таңда аэропортта жолаушы өткізу қабілеті сағатына 200 адам болса, жаңа терминал іске қосылғаннан кейін сағатына 2 мың адамға артады.
Жаңа терминалдың жалпы ауданы 35 мың шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар, жобада озық талаптарға сәйкес 4 галерея қарастырылған. Өндірістік кестеге сәйкес жаңа терминал биыл қолданысқа беріледі.
Мұрат Дүйсенбекұлы туындаған өзекті мәселелер бойынша дер кезінде хабарлап, шешімін бірлесе қарастыруды тапсырды. Себебі, жоспарлық кестеге сай құрылыстың кезеңімен аяқталуы басқа да қаланың дамуына арналған жоспарлардың кезегімен орындалу қажет. Жұмыстарды өндірістік кестеге сай атқарып, перронның құрылысын тез арада бастау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
В Шымкенте полицейские напоминают жителям и организаторам торжеств о необходимости соблюдать нормы тишины и общественного порядка. Поводом стало учащение жалоб горожан на ночные салюты, громкую музыку и сигналы автомобилей во время свадеб и других мероприятий. […]
Бұл жөнінде Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков, өзінің «фэйсбуктегі» парақшасында жазды. Шымкент қалалық №1 клиникалық аурухана – мегаполистегі ірі көпбейінді аурухана. Мұнда жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету сапасы уақыт талабына сай дамып […]
Отырар колледжінде студенттерге арналған «Тәртіп – тәрбие бастауы» атты маңызды кездесу ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – қазіргі жастардың алдында тұрған өзекті мәселелерді талқылау, тәртіп пен жауапкершіліктің қоғамдағы рөлін түсіндіру және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған […]
Пікір қалдыру