Құрылыс барысында қалалық маңызы бар көшелерді дамыту да қолға алынған. Қазіргі таңда магистральді жолдардың 94 шақырымында құрылыс жүруде. Оның ішінде Қонаев даңғылының жалғасы мен айналма жолды қайта құру іске асырылмақ.
Басқарма мамандары мұндай ірі жобалар қаладан шығатын барлық бағытты қамтып отырғанын айтады. Мысалы, Ташкент, Түркістан және Алматы бағыттарына шығатын жолдар желісінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Көлік ағынын өткізу қабілеті жоғары, заманауи талаптарға сәйкес.
Қаланың оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме шығыс жолына жүктемені азайту мақсатында Д.Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Нысан 6 кезеңнен тұрады. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аталған нысан басына барып, күре жолдың құрылысын бақылады. Жалпы Д.Қонаев даңғылының жалғасын салу 2-ші кезеңінің ұзындығы 1,7 шақырымды құрайды. Көшенің ені — 42 метр, 6 жолақты. Кезең-кезеңімен жүзеге арылылып жатқан қарқынды құрылыс,
Айта кетейін Д.Қонаев көшесінің жалғасы 2019 жылы басталған болатын. Жалпы ұзындығы 18,1 шақырымды алып жатқан көше 7 учаскіден тұрады.
Қазір мұнда жер жабындысын салу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ құрылыс нысанында тірек қабырғаларын орнату жұмыстары және инженерлік желілерді ауыстыру жұмыстары атқарылған. Қазіргі уақытта
құрылыс 35%-пайызға аяқталған. Жыл соңына дейін
Түркістан көшесінен теміржолға дейін қамтитын 2-ші кезеңіндегі жолдың бір бөлігін көлік қозғалысына ашу жоспарлануда. М. Дүйсенбекұлы
құрылыс нысанына түсетін 5 жер учаскесін мемлекет мұқтаждығына алу мәселесін тезірек шешуге тапсырма берді.
Бүгін Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №9 қаулысына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, қаулының №1 қосымшасы: «14.10. Мұқтаж және зардап шеккен адамдарға волонтерлік көмек көрсететін қайырымдылық қорлары (ұйым әділет органдарына тіркелген […]
Қала аумағындағы көшелердің шұңқырлары жамалып, күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде. Бригадалар бірінші кезекте көліктердің қауіпсіздігіне әсер ететін орталық магистрал және ішкі орам көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар жол қозғалысына қолайлы болу үшін жоспарланған 400 қалқымалы […]
Қыстң қамын ертерек ойлап — келеңсіз жайттарға тап болмаудың алдын алу қажет. Қар табиғат құбылысы. Қанша мөлшерде жауатынын, қай уақытта жауатынын дәлме дәл болжап біле алмайсың. Дірдектеген тұрғындардың дегбірін қашырып, көшелерде көлік қозғалысы пайда болады. […]
Пікір қалдыру