Қала тұрғындары күнделікті қарбалас уақытта байқамауы мүмкін, егер жіті назар аударсаңыз, айналаңыздағы сауда орталықтарының кіре беріс тұсында орналасқан орындықтар, ауладағы ойын алаңшаларының әткеншектері өзіміздің отандық өнімдер. Яғни, біздің күнделікті көз алдымыздағы заттар. Мәселен, «SHEGEN» сауда үйі» 2007 жылы құрылып, шағын фирмадан ірі компанияға айнала білген шымкенттік жиһаз өндіруші мекеме.
Ол Қазақстанның нарығына ғана емес, шет мемлекеттерге де өнімдерін шығарып үлгерді.
Қазіргі уақытта кәсіпорында 260-тан астам маман жұмыс істейді. Компанияның негізгі қызметі — кез келген күрделі құрастырылатын жиһаз өндірісі. Кәсіпорынның Германия, Қытай, Израиль, Түркия, АҚШ, Корея, Тайвань және т.б. елдермен халықаралық саудада үлкен тәжірибесі бар. Сондай-ақ, ТМД елдерінің компанияларымен тығыз серіктестік орнатылды.
Айта кетейік, кәсіпорын «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, биыл екінші деңгейлі банк арқылы айналым қаражатын толықтыруға жылына 21,75%-бен қаражат алды. Оның 14,75%-ын «Даму» қоры субсидиялайды, қалған 8% кәсіпкер төлейді. Мақсат – отандық бизнесті қолдау, өзіміз өндірген өнімді демеу. Мына қиын кезеңде мемлекет кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетпек. Бұл жұмыс орындарының жабылып, адамдардың жұмыссыз қалмауы үшін жасалып жатқан нақты қадам.
Отандық өнімді қолдау – мемлекеттің басым бағыттарының бірі.
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша брифинг өтті. Брифингке Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр, Шымкент қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызмттердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев және қалалық […]
Театральное искусство оказывает глубокое влияние на душу человека и играет важную роль в духовном обогащении общества. Многие великие личности высказывались о его силе и значении. Так, Габит Мусрепов характеризовал театр как «прозрачное искусство, подобное слезам […]
Шымкент қаласында құқықтық мәдениетті арттыру мен тұрғындардың полиция қызметіне деген сенімін нығайту мақсатында дәстүрлі «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтті. Бұл жолы іс-шара 3 қазан күні Әл-Фараби алаңында ұйымдастырылып, таңғы 09:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жалғасты. Акция […]
Пікір қалдыру