Бүгінде қалада жеке инвесторлар жаңа жолаушылар терминалының құрылысын жүргізуде. Құрылыс жұмыстарына 120-150 адам тартылған. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов жауаптылармен бірге құрылыс барысын пысықтады. Қазіргі таңда терминалдың шатыры толық жабылып, қасбеттік жүйелері монтаждалып, желдеткіш жүйелері орнатылуда. Шымкент қаласының дамуына, көркейіп
Сонымен қатар, богаждық жүйенің құрылғылары мен лифтілер, эскалаторлар орнатылып, инженерлік желілер құрылуда. Жалпы жобаның орындалуы қазір 85% ға жетті.
Әкімдік тарапынан инвесторды қолдау мақсатында әуежай алдындағы алаңдағы автотұрақты абаттандыру, жаңа терминалға апаратын кірме жол салу және жолаушылар терминалына инженерлік желілерді салу жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі таңда аэропортта жолаушы өткізу қабілеті сағатына 200 адам болса, жаңа терминал іске қосылғаннан кейін сағатына 2 мың адамға артады.
Жаңа терминалдың жалпы ауданы 35 мың шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар, жобада озық талаптарға сәйкес 4 галерея қарастырылған. Өндірістік кестеге сәйкес жаңа терминал биыл қолданысқа беріледі.
Мұрат Дүйсенбекұлы туындаған өзекті мәселелер бойынша дер кезінде хабарлап, шешімін бірлесе қарастыруды тапсырды. Себебі, жоспарлық кестеге сай құрылыстың кезеңімен аяқталуы басқа да қаланың дамуына арналған жоспарлардың кезегімен орындалу қажет. Жұмыстарды өндірістік кестеге сай атқарып, перронның құрылысын тез арада бастау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Терроризм и религиозный экстремизм остаются одними из самых опасных вызовов современности. Эти угрозы не знают границ и способны подорвать безопасность целых государств. Борьба с ними требует комплексных мер, слаженной работы всех служб и активного участия […]
Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы мен Полиция департаментінің бірлескен бастамасы негізінде қаланың бірқатар ірі медициналық мекемелерінде тұрақты полиция бекеттері жұмыс істей бастады. Бұл шешім соңғы уақытта денсаулық сақтау саласында орын алып жатқан медицина қызметкерлеріне қатысты […]
Шымкент қаласы Қаратау ауаданы Тұран шағын ауданындағы Омбы көшесінің тұрғындары көше бойын тазалап, ағаш отырғызу жұмытарын қолға алған. Бұл жайлы Омбы көшесінің тұрғындары қала әкімі Ғабит Сыздықбековпен кездесу барысында айтты. «Шынымды айтсам әкімдерге шағым емес, […]
Пікір қалдыру