Қала тұрғындары күнделікті қарбалас уақытта байқамауы мүмкін, егер жіті назар аударсаңыз, айналаңыздағы сауда орталықтарының кіре беріс тұсында орналасқан орындықтар, ауладағы ойын алаңшаларының әткеншектері өзіміздің отандық өнімдер. Яғни, біздің күнделікті көз алдымыздағы заттар. Мәселен, «SHEGEN» сауда үйі» 2007 жылы құрылып, шағын фирмадан ірі компанияға айнала білген шымкенттік жиһаз өндіруші мекеме.
Ол Қазақстанның нарығына ғана емес, шет мемлекеттерге де өнімдерін шығарып үлгерді.
Қазіргі уақытта кәсіпорында 260-тан астам маман жұмыс істейді. Компанияның негізгі қызметі — кез келген күрделі құрастырылатын жиһаз өндірісі. Кәсіпорынның Германия, Қытай, Израиль, Түркия, АҚШ, Корея, Тайвань және т.б. елдермен халықаралық саудада үлкен тәжірибесі бар. Сондай-ақ, ТМД елдерінің компанияларымен тығыз серіктестік орнатылды.
Айта кетейік, кәсіпорын «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, биыл екінші деңгейлі банк арқылы айналым қаражатын толықтыруға жылына 21,75%-бен қаражат алды. Оның 14,75%-ын «Даму» қоры субсидиялайды, қалған 8% кәсіпкер төлейді. Мақсат – отандық бизнесті қолдау, өзіміз өндірген өнімді демеу. Мына қиын кезеңде мемлекет кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетпек. Бұл жұмыс орындарының жабылып, адамдардың жұмыссыз қалмауы үшін жасалып жатқан нақты қадам.
Отандық өнімді қолдау – мемлекеттің басым бағыттарының бірі.
Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері киберқылмысқа қарсы іс-қимыл шаралары аясында ауқымды арнайы операция жүргізді. Нәтижесінде Шымкент, Алматы және Алматы облысында әрекет етіп келген интернет-алаяқтықпен айналысқан ұйымдасқан топтың қылмыстық әрекетіне тосқауыл қойылды. Тергеу барысында күдіктілердің интернет-алаяқтықтың […]
В Шымкенте сотрудники полиции проводят масштабную информационно-разъяснительную кампанию среди населения. Причиной стало вступление в силу с 12 июля новой законодательной нормы, которая запрещает ношение одежды, полностью закрывающей черты лица и затрудняющей идентификацию человека в общественных […]
Забота о здоровье человека и душевном равновесии неизменно сопровождается стремлением к чистоте. В этом отношении врачи, как носители белого халата, всегда являются примером приверженности высоким стандартам не только в лечебной деятельности, но и в стремлении […]
Пікір қалдыру