Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары қызметіне Кәрімов Айдын Мейрамбекұлы тағайындалды.
Кәрімов Айдын Мейрамбекұлы 1988 жылы Семей қаласында дүниеге келген.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазақ қаржы-экономика академиясын, MNU (Maqsut Narikbayev university)
университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы бастаған.
Түрлі жылдары ҚР ТЖМ «Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, информатика және ситуациялық талдау» РМК, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Телекоммуникациялар саласындағы техникалық сүйемелдеу орталығы» РМК, Астана және Семей қалалары әкімінің аппараттарында қызмет еткен.
2012-2016 жылдары ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің (қазіргі ҚР Сауда және интеграция министрлігі) Халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
2016-2017 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді.
2017-2019 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі – ҚР Премьер-Министрінің хаттама шефі, Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және хаттама бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды.
2019 жылғы 7 қарашада ҚР Премьер-Министрінің Өкімімен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды.
2022 -2023 жылдары Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Айдын Мейрамбекұлы «Құрмет» Орденімен (2020 ж.), Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2014 ж.), медальдармен және алғыс хаттармен марапатталған.
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, «Түркістан» сарайында өткен халық алдындағы жылдық есебінде көпшілшіктің көзінше көп балалы аналардың арыз, шағымын тыңдау үшін 16 ақпан күні таңғы сағат 11:00-де әкімдікке шақырған болатын. Хош! 16 ақпанда аналардың мұң-мұқтажын […]
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев өңірдің туристік әлеуеті жоғары екеніне ерекше тоқталды — деп хабарлайды «Күнгей.кz» ақпарат агенттігі . Сонымен бірге ол Түркістан облысын құру туралы Елбасының […]
Түркістан облысында 2,1 млн адам тұратын 800-ден астам елді мекеннің 361-і қоқыс шығару қызметімен қамтылған. Аудан, қалалар аумағында 151 қатты тұрмыстық полигон орны белгіленген. Оның 32-сі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жауапты бөлімге, 76-сы ауыл […]
Пікір қалдыру