Шымкент қаласы Темірлан тас жолы бойындағы Алаш базары маңында жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы жүргізілуде. Бұл жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мен көлік қозғалысына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында іске асырылып отыр. Еліміздегі автомабиль жолдарының құрылысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарынан тыс қалған емес. «Автожол құрылысына, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керек. Бюджеттен қыруар қаржы бөлінсе де, бұл мәселе әлі шешімін таппай отыр», деген болатын. Мемлекет басшысының өңірді дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес жол құрлысы мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылыстар қарқын алған. Алащ базар маңындағы жер асты өткелі жол кептелісін болдырмау және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін қолға алынып отыр. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков “Алаш”, “Бекжан” базарлары маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінің құрылысымен танысып, жұмыс барысын бақылап қайтты.
Темірлан тас жолы және А-2 автожолы арқылы өтетін жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің техникалық-экономикалық көрсеткішіне тоқталсақ, тоннель ұзындығы 46,5 метр, ені 6,1 метр, биіктігі – 2,65 метр. Бүгінде құрылыс жұмыстарының орындалуы 80 пайызды құрап отыр. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
“Бекжан” базары маңында А-2 автомобиль жолы арқылы өтетін жаяу жүргіншілер өткелі бойынша тоннель ұзындығы — 24 метр, ені 4 метр, биіктігі 2,5 метр құрайды. Жұмыстар 45 пайыз орындалған, осы жылы халық игілігіне беріледі.
Қала әкімі жауаптыларға өткелдер құрылысын сапалы әрі өз мерзімінде атқару бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Жалпы тазалық пен қала келбетінің көркі жайлы қаланың барлық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, қала берді әлеуметтік желілердің шарықтап дамып тұрған шағында мүмкіндікті қалт жібермей, тұрғындарды тазалыққа шақыруды үздіксіз жүргізіп келеміз. Тек тапсырма ретінде ғана емес, […]
Тұран ауданының көркіне жаңа тыныс берген жұмыстардың бірі — қаладағы бірнеше көпқабатты үйдің қасбеттеріне салынған муралдар. Қала өмірінің ажарын арттырып, мәдениетіміз бен тарихымызды жаңа, заманауи тәсілмен насихаттау үшін жүзеге асырылған бұл жоба көптеген тұрғындар мен […]
Биыл маусым айында Жібек жолы – Сайрам көшелері қиылысында жаңа гүлзар ашылып, пайдалануға берілген болатын. Жаңа әлеуметтік нысан кәсіпкерлер тарапынан іске асырылды. Жаңа нысанның ашылуына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков те қатысып, тұрғындармен кездескен еді. Еңбекші […]
Пікір қалдыру