Бүгін Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесуде 89 жастағы ақсақал Өркен Әбдіреев қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің назарын «Фосфоршылар» сарайының бүгінгі ахуалына аударды. Тыл және еңбек ардагерінің ұсынысын ескерген қала басшысы нысанға арнайы барып, жағдайымен танысты.
Аталған нысан – әзірге жеке серіктестіктің мүлкі. Ал серіктестіктің үлесі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің атына республикалық меншікке тіркелген.
Осыған дейін қала әкімдігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен серіктестіктің жарғылық капиталынан «Фосфоршылар» сарайын мүлік ретінде бөліп шығарып, коммуналдық меншікке беру туралы ұсынысын жолдаған.
Қазіргі таңда аталған мәселе бойынша құзырлы органдар тиісті жұмыстар жүргізуде.
Қала басшысы жауаптыларға осы бағыттағы кешенді шараларды заң шеңберінде жүргізіп, ғимаратты елдің игілігіне пайдалану бойынша нақты тапсырмалар берді.
Естеріңізде болса, «Фосфоршылар» сарайын оқушылар сарайына айналдыру туралы сөз болған еді. Қала оқушыларының небәрі 16 пайызы қосымша біліммен қамтылған. Ол үшін бұрынғы Фосфоршылар сарайын қайта жөндеп, Жастар сарайы етіп қайта ашамыз. Одан бөлек, жаңадан заманауи Оқушылар сарайының құрылысын бастауды көздеп отырмыз.
Нәтижесінде, 2025 жылға дейін қосымша біліммен қамтуды қазіргі 16 пайыздан 55 пайызға жеткізуді жоспарладық деген болатын. Десе де, тұрғындардың ойымен санасып, қала басшысы тапсырмалар берді.
В Шымкенте полиция внедряет современные цифровые технологии для повышения уровня общественной безопасности. Одним из ключевых элементов этой работы стали SOS-кнопки, которые позволяют гражданам в экстренных ситуациях напрямую обращаться за помощью к правоохранительным органам. Эта система […]
Шымкент қаласына қарасты Еңбекші ауданы аумағында ұзындығы 732 шақырымды құрайтын 728 көше мен өткел бар. Жолдардың 535 шақырымы, яғни 73 пайызы асфальт, 158 шақырымы (21,6 пайыз) тас, 38 шақырымы (5,3%) топырақты құрайды. Тұрғындардың ыңғайына қарап, […]
Шымкент қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Акция 30 қыркүйекке дейін жалғасып, мегаполистің барлық аумағын қамтиды. Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол […]
Пікір қалдыру