Қаламызға келген қонақтарды қарсы алатын темір жол вогзалының қаспеті ерекше талаппен өзгертілетін болды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков теміржол вокзалының ғимаратын реконструкциялау жұмыстарымен танысты. Қазір вокзалдың жолаушы өткізу қабілеті тәулігіне 2 мың адамды құраса, қайта құрудан кейін 6 мың адамға дейін артады.
Бүгінде сол қанаттың төменгі қабаты мен қасбетін монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Осыған дейін нысан сейсмикалық тұрғыдан күшейтіліп, жылыту, электр қуаты, өрт қауіпсіздігі, байланыс және бейнебақылау жүйелері орнатылды. Қазіргі таңда жоғары қабаттың дайындығы 70%-ға жеткен, әрлеу жұмыстары жалғасуда.
Жоба бойынша қасбетті монтаждау кезінде ұнтақ бояумен боялған және пеште кептірілетін мырышталған сапалы панельдер пайдаланылады. Құрылыс материалдары беріктігімен ерекшеленеді, ылғалға төзімді.
Вокзал ғимараты республикалық маңызы бар қаланың ерекшелігіне сай қайта құрылып, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.
Қала әкімі жауаптыларға нысанды мегаполис сәулетіне сай жабдықтап, мерзімінде қолданысқа беруді тапсырды. Бұған дейін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Шымкент әуежайының жаңа терминалымен танысып қайтқан болатын. Қазір онда құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Келесі жылы толығымен пайдалануға берілетін нысан еліміздегі ең озық терминалдардың бірі болмақ.
Шымкентте биыл 3 өрт сөндіру депосының құрылысын жүргізу жоспарланған. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Түркістан көшесі бойындағы 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысымен танысты. Жобаға сәйкес, нысан 3 блоктан тұрады. Соңғы үлгідегі жабдықталған ғимаратта […]
ҚТЖ басшысының орынбасарының мәліметінше, қазіргі уақытта Пәкістан арқылы Үндістанға темір жол құрылысын салу талқыланып жатыр. Ал Дарбаза – Мақтаарал желісін іске қосу Қазақстанның осы стратегиялық маршрутты дамытуға қосқан елеулі үлесі болады. “Біз жүк ағыны қосымша […]
Түркістан қаласының облыстық маңызы бар қала және түркі әлемінің астанасы мәртебесіне ие болуына байланысты халықаралық әуежай салу қажеттілігі туындады. 2020 жылы заманауи халықаралық әуежай салынып, пайдалануға берілді. Бұл – Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда нөлден салынған алғашқы […]
Пікір қалдыру