ТҰРАН АУДАНЫ: 9 КӨШЕГЕ ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласының жаңа ауданында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.  Тұран ауданындағы 41 көшеге биыл 24 шақырымды құрайтын ирригациялық жұмыстар жүргізу жоспарланған болатын.

Қазіргі уақытта Қазығұрт, Наурыз, 112 орам аумағындағы 9 көшеге жалпы ұзындығы 5,5 шақырымнан тұратын ирригация салынып, пайдалануға берілді.

Олар Қазығұрт елдімекені бойынша Жандарбеков, Төлебаев, Баян ауыл, атауы жоқ көшелер. 112 орамнан Аманжолов, Нарадоволцов, Темірқазық көшелері. Наурыз шағын ауданынан Жанкент көшесі, Түркістан шағын ауданынан Жанқожа батыр көшесі. Аталған көшелермен көлік қозғаласы көп, транспорттық автобустар жүргендіктен белгілі бір уақыт аралығында күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жасалынуы тиіс.

 

Ал қалған 25 көшеде қазір ирригация салу құрылыс жұмыстары қарқынды жалғасуда.

Сондай-ақ, 8 көшеге мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп жатыр. Конкурс аяқталған соң, келісім шарт бойынша өз уақытымын пайдалануға берілуін қадағалайтын болады. Аталған жұмыстарды биылғы жылдың қазан айында толығымен аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.

Айта кетейік, Тұран ауданы 2022 жылдың 7 шілдесінде құрылды. Аумағы 36 мың га құрайды, яғни қала аумағының 32% құрайды. 220,7 мың адам қоныстанған.  Жалпы қаланың барлық аудандарында көшелердің қалыпқа келтіру жұмыстары қарқынды түрде жүріп  жатыр. Қала басшылығының жіті бақылауымен толығымен тексеріліп, халықтың игілігіне берілетін болады¸.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*