ШЕТ ЕЛГЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН ШТАКИ ОТБАСЫН ШЫМКЕНТТІҢ ШЫРАЙЫ ҚУАНТТЫ

Кезінде Германияға Қазақстаннан жарты миллиондай немістің көшіп кеткені белгілі. Осы елдің шекарасын аттасымен ондағы қазақ-немістерінің жағдайын білуге аңсары ауып тұрғандай болады екен,

Бұл туралы 1990 жылдары Германияға қоныс аударған Штаки отбасы айтты. Шымкентке қыдырып келіп, шаһардың көрікті орындарында болған Штаки отбасы бүгін қаладағы «Достық» үйі ғимаратының тыныс-тіршілігімен танысты.

Кезінде «Қазақстан» кинотеатрында танысып, кейіннен шаңырақ көтергенін жеткізген Штаки отбасы өздерінің жастық шағы өткен шуақты шаһардағы бұл ғимараттың тоқырау жылдардың сынынан аман өтіп, заман талабына сай жаңғырғанына қуанышты екенін жеткізді.

«Достық» үйін аралап, этномұражай мен кезінде өздері танысқан залдағы орындықтарға отырып көрген Штаки отбасы жастық шағын еске алып, ерекше көңіл-күй сыйлаған орынның аурасына тамсанды.
Бүгінде Германияның Люнебург қаласында тұратын Штаки отбасы бұрын Шымкент облысының (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Түркістан облысы) Қазығұрт және Шарапхана елді мекендерінде тұрғанын атап өтіп, Орта Азия елдеріне жасаған саяхаты аясында Шымкентке соғып, осындағы достарымен және кластастарымен кездесуге келгенін де айтып өтті. Қазақстанда туып, кейін ес білген шақтарында тарихи отанына оралған немістер туған жерді ұмытпай, ондағы түрлі естеліктерді жадында ұстағаны қуантады.  Себебі, туып өскен ұлы орда әрқашанда ыстық болып тұрады. Бала болып ойнап-қунап өскен ортаң ұмтылмасы анық.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*