Қаламызға келген қонақтарды қарсы алатын темір жол вогзалының қаспеті ерекше талаппен өзгертілетін болды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков теміржол вокзалының ғимаратын реконструкциялау жұмыстарымен танысты. Қазір вокзалдың жолаушы өткізу қабілеті тәулігіне 2 мың адамды құраса, қайта құрудан кейін 6 мың адамға дейін артады.
Бүгінде сол қанаттың төменгі қабаты мен қасбетін монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Осыған дейін нысан сейсмикалық тұрғыдан күшейтіліп, жылыту, электр қуаты, өрт қауіпсіздігі, байланыс және бейнебақылау жүйелері орнатылды. Қазіргі таңда жоғары қабаттың дайындығы 70%-ға жеткен, әрлеу жұмыстары жалғасуда.
Жоба бойынша қасбетті монтаждау кезінде ұнтақ бояумен боялған және пеште кептірілетін мырышталған сапалы панельдер пайдаланылады. Құрылыс материалдары беріктігімен ерекшеленеді, ылғалға төзімді.
Вокзал ғимараты республикалық маңызы бар қаланың ерекшелігіне сай қайта құрылып, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.
Қала әкімі жауаптыларға нысанды мегаполис сәулетіне сай жабдықтап, мерзімінде қолданысқа беруді тапсырды. Бұған дейін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Шымкент әуежайының жаңа терминалымен танысып қайтқан болатын. Қазір онда құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Келесі жылы толығымен пайдалануға берілетін нысан еліміздегі ең озық терминалдардың бірі болмақ.
Шымкент қаласында іргетастары өткен ғасырда, яғни 1939 жылы қаланған жалпы білім беретін орта мектеп пен балабақшада күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов 81 жылдық тарихы бар білім ұяларындағы жүріп жатқан жөндеу […]
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептерді аралады. Қала басшысы алғаш болып Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта мектепте жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Алғаш білім ошағының іргетасы 1989 жылы қаланған. […]
Шымкентте биыл 3 өрт сөндіру депосының құрылысын жүргізу жоспарланған. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Түркістан көшесі бойындағы 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысымен танысты. Жобаға сәйкес, нысан 3 блоктан тұрады. Соңғы үлгідегі жабдықталған ғимаратта […]
Пікір қалдыру