ТҮРКІСТАН: «ДАРБАЗА-МАҚТААРАЛ» ТЕМІР ЖОЛЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында стратегиялық маңызы бар міндеттің бірі – көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалану екенін атап өтті.

«Стратегиялық маңызы бар міндеттің бірі – көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалануымыз керек» дей отырып Мемлекет басшысы бұл бағытта атқарылатын бірнеше шаруаның ұшын шығарды. «Қазір әлемде жаңа экономикалық кеңістік қалыптасып жатыр. Қытайдан Еуропаға, Ресейге, Орталық Азияға және осы аймақтардан Қытайға жіберілетін тауар көлемі айтарлықтай көбейеді деген болжам бар. Қазақстан солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты байланыстыратын жаһандық жолайрықта орналасқан. Бұл біздің елімізге зор мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан көлік-логистика саласы экономикамызды алға бастайтын басты күштің біріне айналуға тиіс», – деді Президент.

Сонымен бірге Президент келешекте Еуразия құрлығында көлік-логистика өрісі бойынша ірі мемлекетке айналу қажет екенін айтты.

«Жалпы алғанда, Қазақстан Еуразия құрлығындағы басты транзит хабы ретіндегі рөлін арттыруы керек. Осылайша, уақыт өте келе көлік-логистика саласындағы ірі мемлекетке айналуымыз қажет. Көлік-логистика саласын қарқынды дамыту – бұл стратегиялық міндет. Үш жыл ішінде оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі кемінде 9 пайызға жетуге тиіс. Ол үшін саланы тиімді басқару өте маңызды», деген Президент Көлік министрлігінің аясын кеңейтіп, қайта құрып, жол инфрақұрылымын салу жұмысы осы ведомствоның еншісіне берілетінін айтты.

Қазақстан солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты байланыстыратын жаһандық жолайрықта орналасқан. Бұл біздің елімізге зор мүмкіндік береді. Сондықтан көлік-логистика саласы экономикамызды алға бастайтын басты күштің біріне айналуға тиіс. Қазір бәсеке күшейіп тұр. Осыған орай бірқатар маңызды мәселені шұғыл шешу керек.

Бүгінгі таңда, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елдің жалпы ішкі өнімнің 30%-дан астамын (көлік, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі) дамытуға жауапты. Сондықтан, жауапкершіліктің кең ауқымы Министрлікке тек бір салаға назар аударуға мүмкіндік бермей, көп жағдайда көлікке қатысты мәселелер шешілмей қалып немесе ұзақ уақытқа кейінге қалдырылып келді.

Осыған орай, Мемлекет басшысы мемлекетімізде көлік-логистика саласын дамыту өте маңызы зор стратегиялық міндет болып табылатынын атап, көлік министрлігін қайта құруды тапсырды.

Президент ең алдымен, «Достық-Мойынты», «Бақты-Аякөз», «Дарбаза-Мақтаарал» бағытындағы ірі теміржол жобаларын сапалы жүзеге асыру қажеттігін айтты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*