Түркістан облысында ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 802,6 млрд. теңгені құрап, республика бойынша алдыңғы орынға шықты.
Түлкібастағы Жаскешу ауылында орналасқан «Серғазы» шаруа қожалығының төрағасы гектарына 30 центнерге жуық бидай өнімін алуда.
Ал, Арыс ауылдық округіне қарасты «Сүйіндік» шаруа қожалығының қадамы аудан көлеміне қарыштап дамып келеді. Бүгінде ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен айналысатын шаруа қожалықтың табысы жылдан жылға ұлғайып келеді. Берекесі мен ынтымағы жарасқан бұл ұжымды ұзақ жылдардан бері диқан, іскер азамат Мелдебек Сүйіндікұлы Тайлиев басқарып келеді.
«Сүйіндік» шаруа қожалығының төрағасы Мелдебек Тайлиевтің сөзінше, өткен жылы 650 гектар жерге бидай, 120 гектарына жоңышқа, 250 гектарына мақсары еккен.
Қазіргі таңда алқапқа 3 комбайн техникасы жұмылдырылған. Комбайншылардың орған бидайын 2 “Камаз” көлігі егіс алқабынан тоқтаусыз тасымалдап жатыр. Комбайншылардың, тасымал жұмыстарын атқарып жатқан көлік жүргізушілердің бәрі жергілікті тұрғындар екен.
Айта кетейік, биыл Түлкібас ауданында 24 гектарға масақты дәнді-дақылдар егілген. Оның ішінде, 15,4 мың гектарға бидай, 8,6 мың гектарына арпа. Қазіргі таңда бұл дақылдардың 12,5 мың гектары орылып, осы уақытқа 29,8 мың тонна өнім жиналған. Бидайдың өнімділігі орта есеппен гектарына 25-30 центнерді, арпаның өнімділігі гектарына 22 центнерді құрайды. Ауыл шаруашылығы дақылдары 859,9 мың гектарға орналастырылып, дала жұмыстары толығымен аяқталды. Өткен жылдан 14,4 мың гектарға ұлғайды. Бүгінгі күнге 428,5 мың тонна дәнді дақыл, 325 мың тонна картоп, 1042 мың тонна көкөніс, 1513,8 мың тонна бақша өнімі және 110 мың тонна жеміс-жидек жиналды.
Тамшылатып суғару әдісі қосымша 2,8 мың гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 28,9 мың гектарға жетті. 85,5 гектар жылыжай салынып, жалпы көлемі 1494 гектарды құрады.
Өңірде мал шаруашылығы дамып, мал басы артқан. Сәйкесінше ет өндірісі 1 пайызға артып 123,8 мың тоннаға жетті.
Жетісай қаласының 55 жылдығы мен «АLTYN KÚZ – 2024» мерекелік іс-шаралары аясында Жетісай қаласындағы «Жеңіс» алаңында ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлерінің өндірген өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі болып өтті. Биылғы жылдың 9 айында жалпы өңірлік өнім […]
Түркістан облысының бірқатар аймақтарында ауыз су мәселесі өзекті. Кейбір аумақта табылған су тартылып кетсе, енді бір аудандарда ұңғыма қазу жұмыстары нәтиже бермеуде. Осыған орай өңірде елді мекендерді ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Аталған мәселе […]
Түркістан облысы Арыс қаласында «Айбын» VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылуы өтті. 2 айға созылатын шара елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты іс-шара алғаш рет онлайн режимде өткізілуде. Республикалық жиынға еліміздің барлық өңірлерінен 39 команда қатысып […]
Пікір қалдыру