Түркістан облысының бірқатар аймақтарында ауыз су мәселесі өзекті. Кейбір аумақта табылған су тартылып кетсе, енді бір аудандарда ұңғыма қазу жұмыстары нәтиже бермеуде. Осыған орай өңірде елді мекендерді ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Аталған мәселе облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде кезекті рет талқыланды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды тұрғындарды ауыз сумен қамту ең бірінші кезектегі іс екенін айтты. Құрылысы созбалаңға салынған нысандар бойынша аудан, қала әкімдері мен жауапты басқарма басшысына нақты тапсырма берді. Жұмысты дұрыс атқармаған мердігерлердің мәселесін заң аясында қарауды тапсырды.
– Ауыз сумен қамту жұмыстары жауапкершілікпен атқарылуы тиіс. Тапсырысты уақтылы орындамай, ауыз суды кешіктірген мердігерлермен заң аясында жұмыс жүргізіңіздер. Бұл мәселе қатаң бақылауда тұр, – деді Дархан Сатыбалды.
Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Жанәділ Айтбековтың айтуынша, өңірде қалалар ауыз сумен 100 пайыз қамтылса, ауылдардың қамту көрсеткіші 97,3 пайызды құрап отыр. Биыл ауыз сумен қамту бойынша 14,1 млрд теңгеге 61 жобаны жүзеге асыру көзделген. Оның 53-і ауылдарда жүзеге асады. 35 жобаны биыл аяқтау жоспарланған. Нәтижесінде 12 елді мекен (Сарыағаш – 2, Отырар –1, Төлеби –1, Келес – 4, Созақ – 4) жаңадан ауыз су жүйесімен қамтылады. 12 елді мекеннің тозығы жеткен су құбырлары жаңартылуда. 14 кешенді блок модулі орнатылып жатыр. Арыс пен Түркістандағы 6 мөлтек ауданға су құбырлары жүргізіледі. Ауыз сумен қамту бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.
Ел Президенті 2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздегі маңызды проблемалардың бірі су тапшылығы мәселесі екенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы суды үнемдеу технологияларын қолға алуды тапсырды.
“Су ресурсы еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды болып тұр. Жыл өткен сайын халқымыздың саны да, экономикамыз да өседі. Бұл – қалыпты құбылыс. Сол себепті 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін. Жалпы, біз – трансшекаралық су көздеріне тәуелді елміз. Еуразия құрлығындағы өзендер мен каналдар – баршамызға ортақ табиғат байлығы. Осы су көздері біздің халықтарымызды, экономикамызды жақындастырады. Сондықтан көршілес әрі достас елдермен бұл мәселе бойынша әрдайым өзара түсіністікке және келісімге келу керек. Жан-жақты ойластырылған су саясатын жүргізу, трансшекаралық суларды пайдалану мәселелерін шешу – Үкіметтің алдында тұрған аса маңызды міндеттер”, – деді Президент.
Түркістан қаласын дамыту ісінде ең алғаш болып назар салатын салалардың қатарына ауыз су, ағын суды тиімді пайдалану мәселелері күн тәртібінен түспейтіні анық.Ол үшін жергілікті билік аталмыш бағыттарда мүмкіндігіне қарай қызметін атқарып келеді.Президент өз Жолдауында елдегі су тапшылығының зардабын азайту үшін тиісті сараптамалар мен талдаулар қажет екенін жеткізді. Ол суды үнемдеу технологияларының тым баяу енгізіліп жатқанын мәлім етті.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми және іскерлік делегация мүшелері Қытай еліне жұмыс сапарын Шаньдун провинциясының Цзинин қаласында жалғастырды. Сапар барысында сарымсақ өндірісі бойынша әлемдегі көшбасшы саналатын «Wanlin Group» компаниясының басшысымен маңызды кездесулер өтіп, […]
Жетісай аудандық полиция бөлімінде мейрамхана, дүкен, кафе, жанармай құю бекеттерінің иелерімен өткен кездесу – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды қадамдардың бірі саналады. Бұл жиын ішкі істер органдары мен жеке сектор өкілдері арасындағы өзара сенім мен […]
В Туркестанской области во время пандемии увеличилось количество сайтов продажи скота. Учитывая карантинную ситуацию, специалисты сферы сельского хозяйства поддерживают увеличение количества таких площадок, где развивается торговля без посредников. Закрытие животноводческих рынков никак не повлияет […]
Пікір қалдыру