Қазақстан құрамасының мүшелері Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы 500 метрге каноэде есуден алтын медаль жеңіп алды.
Жұп құраған Сергей Емельянов — шымкенттік спортшы, ал Тимур Хайдаров — түркістандық саңлақ. Жеңіс сыйлаған көрсеткіштері 1:49.01 уақытты құрады.
Отандастарымыздың маңызды жеңісімен құттықтаған Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев: «Тимур мен Сергейді жеңісімен құттықтаймын! Күрес қиын болды, бірақ біздің ескекшілер бәсекелестерден озып үлгерді. Команданың жаттықтырушылар штабына ерекше алғыс айтамын. Ел сіздерді мақтан тұтады!» — деді.
Еске салайық, Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындары 8 қазан күні мәресіне жетеді.
– Ескек есуден ағайынды Емельяновтар әрдайым жоғары жетістіктер көрсетіп келеді. Олар кезекті рет Азия ойындарында өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді дейді қаланың спорт саңлақтары. Байдаркада және каноэде есу — есу спортының бір түрі. Ол топсаға бекітілмеген ескек арқылы орындалады. Байдаркада және каноэде есудің жарысу және слалом түрлері бар. Халхаралық каноэ федерациясына 54 ел мүше. Олимпиялық ойындар бағдарламасына 1936 жылдан енгізілген. Дүние жүзі чемпионаты 1938 жылдан өткізіледі. Қазақстанда спорттың бұл түрі алғаш Атырауда ұйымдастырылды. КСРО халықтарының 2-спартакиадасында (1959) З. Светочева 1 кісілік байдарка жарысында чемпион атанды. В. Образцов (Алматы) Еуропа чемпионы (1967, Германия), Б. Оспанов (Алматы) пен С. Бандурин (Теміртау) 2 кісілік каноэмен жарысуда КСРО чемпионы (1982), А. Акунишников (Орал) дүние жүзі чемпионы (1986) атанды. Байдаркада және каноэде есу спорты негізінен Қарағанды, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында дамыған.
Түркістан қаласындағы Олимпиадалық стандартқа сай салынған ескек есу каналында триатлоннан элиталық және жастар арасында Азия кубогі мен ел кубогі сарапқа салынды. Төзімділікті талап ететін спорт түріне атлеттер жоғары дайындықпен келген. Тартысты өткен сайысқа Сингапур, Иран, […]
Қытай республикасының Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарынан ақжолтай хабар жетті. Каратэден 60 келі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз Қайсар Алпысбай чемпион атанды. Қайсар Алпыспай финалдық бәсекеде Кувейт спортшысы Абдулла Шаабахты 7:5 есебімен жеңді. Белдесу өте […]
Халықаралық дәрежеде кез келген елдің екі жағдайда туы көтеріліп, Әнұраны шырқалады. Оның бірі Мемлекет басшысы өзге елге ресми сапармен барғанда, екіншісі спорттық жарыстарда спортшысы жеңіске жеткенде. Демек, жоғарыдағыдай құрмет тәуелсіз ел екеніңді мойындағанда, сосын мықтылығыңды […]
Пікір қалдыру