Халықаралық дәрежеде кез келген елдің екі жағдайда туы көтеріліп, Әнұраны шырқалады. Оның бірі Мемлекет басшысы өзге елге ресми сапармен барғанда, екіншісі спорттық жарыстарда спортшысы жеңіске жеткенде. Демек, жоғарыдағыдай құрмет тәуелсіз ел екеніңді мойындағанда, сосын мықтылығыңды дәлелдегенде ғана көрсетіледі. Демек, осының екеуі де маңызды. Президенттерге көрсетілетін мемлекеттік дәрежедегі сый-құрметтің жөні белгілі, ал спортшылардың ел мерейін асқақтатуы – күллі әлемнің көз алдында өтіп, тікелей танылатын ерекше құбылыс. Аспан асты елінде өткен Азия ойындарында бар күш жігерімен елге жүлде сыйлаған спортшылар туған жеріне келді.
Байдарка және каное есуден Жазғы Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Шымкент әуежайынан спортшылардың ата-анасы, спорт мектебі басшылары, жанкүйерлері сән-салтанатпен күтіп алды.
Іс-шарада қалалық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев, қалалық ескек есу және су спорт түрлері федерациясының президенті Нұрғазы Бұхарбаев жеңімпаздарды құттықтап, алдағы бәсекелерде сәттілік тіледі.
– Ескек есуден ағайынды Емельяновтар әрдайым жоғары жетістіктер көрсетіп келеді. Олар кезекті рет Азия ойындарында өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді. Биыл жастар арасында әлем чемпионы атанған Руфина Искакова ересектер арасындағы сайыста күміс жүлдеге қол жеткізді. Алда тағы да жарыс жолына шығатын спортшыларымыз бар, – деді Б.Тұманбаев.
Естеріңізге сала кетейік, ұлттық құрама сапында Сергей Емельянов 500 метрге каноэде есуден алтын медаль, Сергей және Тимофей Емельяновтар жұптық жарыстың 1000 м бағдарламасында күміс жүлде, ал байдарка мен каноэде есуден жастар арасында әлем чемпионатының жеңімпазы болған Руфина Искакова Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.
Жобаның Кәсіпкерлер палатасында өткен таныстырылу рәсіміне қалаға жұмыс сапарымен келген «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков, қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, қала прокурорының бірінші орынбасары Жомарт Нұрғали, Өңірлік кеңес мүшелері […]
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ардагерлер туралы» заңға қол қойды. Жаңа заңда қазіргі заманның ағымына сай, көптеген өзгерістер енгізілген. Мәселен, қолданысқа енген заңның басты мақсаты — қатары күн санап азайып бара жатқан ардагерлерді әлеуметтік жағынан қорғау. Ардагерлердің […]
Шымкентте референдумге келген дауыс берушілерге ерекше сыйлықтар берілді. Сондай сылықтардың біріне №130 учаскеде алғаш болып дауыс берген Салин Әмірханұлы Ділдәбеков ие болды. Учаске ашылған уақытта алғашқылардың бірі болып келіп дауыс бергені үшін оған дәстүрлі қазақ […]
Пікір қалдыру