Қытай республикасының Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарынан ақжолтай хабар жетті. Каратэден 60 келі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз Қайсар Алпысбай чемпион атанды.
Қайсар Алпыспай финалдық бәсекеде Кувейт спортшысы Абдулла Шаабахты 7:5 есебімен жеңді. Белдесу өте тартысты өтіп, отандасымыз намысты қолдан бермеді.
Жеңіс тұғырына шыққан саңлағымыз елге ыстық сәлемін жолдап, бапкерлер мен басшыларға рақметін жеткізді.
— Бүгін қаншама жыл төккен терім ақталды. Бірақ осымен тоқтап қалмаймын. Келесі жылы Париж қаласында өтетін Олимпиадаға тыңғылықты дайындаламын. Енді сол шыңды бағындырғым келеді, — деді чемпион.
Қытай елінің Ханчжоу қаласында 2023 жылдың 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өткен ХІХ жазғы Азия Ойындарына жалпы 40 спорт түрінен 46 мемлекеттің спортшылары қатысты. Ханчжоу-2022 ХІХ жазғы Азия ойындары жүлдегерлері арасында Шымкенттік спортшылар да бар. Ал Елімізден 30 спорт түрінен 525 спортшы қатысса, соның ішінде Шымкент қаласынан 23 спорт түрінен 66 спортшымыз қатысты.
Айта кетейік, XIX жазғы Азия ойындарында бүгінге дейін шымкенттік спортшылар 21 жүлдеге (4 алтын, 7 күміс, 10 қола) қол жеткізді.
Естеріңізге сала кетейікАзия Ойындары 4 жылда бір рет Азия мемлекеттерінің қатысуымен өтеді.Бұл Азия ойындарына Шымкент қаласы республикалық мәртебе алғаннан кейін 1-ші рет қатысып отыр. Қаланың мәртебесін асқақтатып, елдің намысын қорғап келген спортшылар осымен тоқтап қалмайтынын жеткізіп жатыр.
Жеңімпаздар алда жоспар көбін айтады. Сәл демалыстан кейін келер жылы жалауын көтеретін Олимпиада ойындарына дайындық бастайды. Парижде де ел намысын асқақататып, көк туымызды желбірету басты мақсатымыз дейді спортшылар.
Аспан асты елінен тағы да ақжолтай хабар жетті. Жастайынан спортты жанына жалау еткен Шымкенттік спортшы ел қоржынына оныншы алтынды салды. WKF каратэден Ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қарсылас шақ […]
Қазақстан құрамасының мүшелері Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы 500 метрге каноэде есуден алтын медаль жеңіп алды. Жұп құраған Сергей Емельянов — шымкенттік спортшы, ал Тимур Хайдаров — түркістандық саңлақ. Жеңіс сыйлаған көрсеткіштері 1:49.01 уақытты […]
Шаһарда қала әкімдігі тарапынан спорт саласына әрдайым қолдау көрсетілуде. Осындай қолдаудың нәтижесінде шымкенттік спортшылар Жазғы Азия ойындарында жарқын жеңіске жетті. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ханчжоу-2022 ХІХ жазғы Азия Ойындарының жеңімпаздарымен кездесті. Халықаралық жарысқа қаламыздан […]
Пікір қалдыру