Мәдениет пен өнер – халықтың рухани болмысының байлығы, бағдарлы болашағының бастауы. Мәдениет – ұлт өмірінің айнасы, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан халықтың рухани келбеті, мейірімі мен парасат-пайымы. Өнерді құрметтеп, мәдениетті өркендету – баршамыздың ортақ мақсатымыз. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мәдениет саласы өкілдерімен кездесті. Олардың арасында саланың үздіктері мен ардагерлері, ақын-жазушылар, суретшілер, қолөнер шеберлері, кітапхана, театр, музей, мәдениет орталықтарының басшылары бар.
Жиында саладағы маңызды мәселелер талқыланып, мегаполистің мәдени өмірін жақсартуға бағытталған ұсыныс-пікірлер талқыланды. Зиялы қауым және мәдениет өкілдері қала әкіміне көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, саланы дамытуда маңызды бастамаларын жеткізді.
“Қай кезде де мәдениет – халықтың рухани келбеті, ұлт айнасы. Ұлт руханиятының бір бөлшегі саналатын мәдениет саласының жұмысын жандандыру, туындаған мәселелердің дер кезінде шешімін табу — ортақ міндет. Осы орайда, өздеріңізбен арнайы кездесуді жөн санадым. Алдағы уақытта қала мәдениеті мен өркениетін дамыту бағытындағы жұмыстарды бірге жалғастырамыз” – деді қала әкімі.
Мәдениет саласының өкілдері жатақхана, ғимарат, қала мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге озық ойлы жас мамандарды жұмылдыру сияқты өзекті мәселелерді көтерді. Сондай-ақ қалада “Наурыз айтысын” қайта жандандыру бастамасы айтылды.
Қала басшысы жиында көтерілген барлық мәселенің оңтайлы шешілетінін жеткізіп, мегаполис мәдениетін көтеруге атсалысуға шақырды.
Сегодня аким Шымкента посетил несколько медицинских объектов. Он ознакомился с ходом капитальным ремонтом реабилитационного центра «Мать и дитя». Центр «Мать и дитя» — единственная организация по всей Республики Казахастан оказывающую специализированную медицинскую помощь в условиях […]
Шымкент қаласында 6 мамыр күні тағы да 6 адамнан короновирус инфекциясы анықталды. (06.05.2020 жылғы сағат 14:00 — дегі мәлімет бойынша). Олардың арасында 18 жасар бойжеткен мен 31 жастағы ер адам жақында шет елден келгені белгілі […]
2025 жылдың 29 шілдесінде «Заң және тәртіп» қағидаты аясында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастамасымен маңызды қызметтік кездесу ұйымдастырылды. Бұл шараға қала әкімі аппаратының терроризмге қарсы күрес жөніндегі комиссиясы мен оның жұмысын қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері, […]
Пікір қалдыру