Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында 2023 жылы жалпы ұзындығы 6,8 шақырымды құрайтын 28 көшені асфальттап, 4,3 шақырымды құрайтын 12 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жоспарланған болатын.
Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданы аумағында 404 көше мен 15 шағынаудандар орналасса, 5 шағынауданға мәслихат шешімі шыққан болса қалған 10 шағынауданға шешім шығару үшін және аудан аумағындағы атауы жоқ, атауы моральды тұрғыдан ескірген және атауы қайталанатын 55 көше бойынша хаттамалары дайындалып, шешім шығару үшін мәслихатқа ұсынылуда.
Әл-Фараби ауданында құрылған кезекші топ аудан аумағындағы Сәуле ш.а. Тұмарлы, Зерделі, Жеңістің 50- жылдығы көшелері, Самал 2 шағынаудандары, Жанкент, Байдала көшелері және т.б. көшелерде арнайы техникалардың көмегімен су тарту жұмысын жүргізуде.
Айта кетейік, Шымкент қаласындағы шағынаудандар мен көшелерге атау беру және қайта атау жұмыстарын жүргізуге байланысты ҚР Үкіметінің Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезіндегі тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес, Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен көпшілік тыңдау өтті. Жиын барысында аудандағы жаңа атау берілетін және атауы қайталанатын, атауы моральды тұрғыдан ескірген көшелер мен шағынаудандар бойынша жаңа атаулар таныстырылып, тұрғындар тарапынан қолдау тапты.
Қазіргі кезге дейін 25 көше орташа жөндеуден өтті. Қалған 3 көшеге асфальт төсеу үшін дайындық жүріп жатыр. Ал 12 көшеге шағал тас төселіп бітті.
Шымкент қаласында полиция қызметкерлері тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Себебі 12 шілдеден бастап қоғамдық орындарда адамның бет-бейнесін толық жауып, оны тануға кедергі келтіретін киімді киюге тыйым салатын заң нормасы күшіне енді. Бұл заң […]
Шымкент қаласында тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру және интернеттегі алаяқтықтан қорғау мақсатында ауқымды ақпараттық-алдын алу шаралары жүргізілуде. Бұл акция «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ұйымдастырылып, қоғамның цифрлық қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда. Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші аудандық […]
Шымкент қаласында Полиция департаменті бастығының нұсқауына сәйкес «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы өтті. Оның негізгі мақсаты — қоғамдық тәртіпті нығайту, қала аумағының көркейтілу деңгейін арттыру, сондай-ақ тұрғындардың қорш“Таза қала” акциясы қалаға жаңаша серпін берді»аған ортаға ұқыпты […]
Пікір қалдыру