Қоғам тұрақтылығын сақтау мәселесі бойынша Еңбекші ауданы, Орманшы тұрғын алабының тұрғындарымен Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту бағытында кездесу өтті.
Кездесуде жастар арасындағы тәрбие, ұлттық құндылықтар, Отан алдындағы әскери борышты өтеу, оларды отансүйгіштікке баулу мәселелері қозғалып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ұлт араздығы мен діни түсініспеушіліктердің алдын алу мәселесі жөнінде түсініктер берілді.
Мемлекет басшысы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында да «Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы» деп тұрақтылық мәселесіне ерекше назар аударған болатын. Қазіргі ең маңызды мәселе де осы тұрақтылық болып табылады.
Қоғамда тұрақтылық барлық топтардың мүдделері бір арнаға тоғысып, қоғам мүшелері арасындағы келісімді сақтауға жұмылу барысында ғана толық жүзеге асады. Сондықтан да бұл – барша қазақстандықтардың негізгі міндеті. Жиын барысында сөз алған спикерлер жастар көтерген мәселелер бойынша пікір алмасты.
Шымкент қаласында сауда базарлар өз жұмысын қайта бастап жіберді. Алайда, санитарлық және эпидемиологиялық талаптар қатаң түрде сақталатын болады. Еліміздің үшінші мегаполисінде сауда базарлары сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі жұмыс режимімен жұмысын қайта бастады. Қаладағы басқа базарлар әлі […]
Естемесов Қаражан ҰОС ардагері ЕСТЕМЕСОВ Қаражан 1921 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылында дүниеге келген. 1941 жылы 14 маусым күні армияға алынды. Алғашқы кезде 61-полкта жаяу әскер қатарында болды. Соғыс кезінде Киев, Житомир, […]
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрына арнайы барып, театрдың тыныс-тіршілігімен, ондағы шығармашылық атмосферамен танысты. Өңірдегі балаларға арналған бірден-бір мемлекеттік жалғыз өнер ордасы — Қуыршақ театрының құрылғанына биыл 40 жыл! […]
Пікір қалдыру