Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында 2023 жылы жалпы ұзындығы 6,8 шақырымды құрайтын 28 көшені асфальттап, 4,3 шақырымды құрайтын 12 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жоспарланған болатын.
Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданы аумағында 404 көше мен 15 шағынаудандар орналасса, 5 шағынауданға мәслихат шешімі шыққан болса қалған 10 шағынауданға шешім шығару үшін және аудан аумағындағы атауы жоқ, атауы моральды тұрғыдан ескірген және атауы қайталанатын 55 көше бойынша хаттамалары дайындалып, шешім шығару үшін мәслихатқа ұсынылуда.
Әл-Фараби ауданында құрылған кезекші топ аудан аумағындағы Сәуле ш.а. Тұмарлы, Зерделі, Жеңістің 50- жылдығы көшелері, Самал 2 шағынаудандары, Жанкент, Байдала көшелері және т.б. көшелерде арнайы техникалардың көмегімен су тарту жұмысын жүргізуде.
Айта кетейік, Шымкент қаласындағы шағынаудандар мен көшелерге атау беру және қайта атау жұмыстарын жүргізуге байланысты ҚР Үкіметінің Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезіндегі тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес, Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен көпшілік тыңдау өтті. Жиын барысында аудандағы жаңа атау берілетін және атауы қайталанатын, атауы моральды тұрғыдан ескірген көшелер мен шағынаудандар бойынша жаңа атаулар таныстырылып, тұрғындар тарапынан қолдау тапты.
Қазіргі кезге дейін 25 көше орташа жөндеуден өтті. Қалған 3 көшеге асфальт төсеу үшін дайындық жүріп жатыр. Ал 12 көшеге шағал тас төселіп бітті.
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қала мәслихатының жетінші сессиясына қатысты. Күн тәртібінде үшінші мегаполистің даму жоспары аясында бірқатар маңызды мәселе қаралды. Полиция департаментінің басшысы Думан Таев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде атқарылған жұмыстармен таныстырды. Жыл басынан […]
Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Тұран шағын ауданы – миллионды мегаполистің жаңа келбетін айшықтап тұрғандай. Күннен-күнге көркейіп келе жатқан жаңа аумақ. Қазір мұнда 19 мыңға жуық халық тұрады. Шағын ауданда 1 744 жеке секторлы үй, […]
Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Құрсай елді мекенінде бүгінде 20 мыңға жуық халық бар. Аталған елді мекенді сапалы инфрақұрылыммен қамту — басты міндеттердің бірі. Себебі, халқының саны көбейіп, шекарасы ұзарып жатқан қаламыздағы бірден-бір елді мекен. […]
Пікір қалдыру