Бүгін қала әкімінің бастамасымен «Таза қала — өзіңнен басталады» атты акциясы аясында сенбілік өтті. Акцияның алғашқы сенбілігінде қала бойынша 50 мыңға жуық тұрғын атсалысып, 81 елдімекенде тазалық шаралары ұйымдастырылды.
Бұл сенбіліктің басты мақсатының бірі — табиғатты аялай отырып, шырайлы Шымқаламыздың тазалығы мен көркі үшін жанашырлық таныту болатын. Сонымен қатар, өскелең ұрпақтың бойындағы экологиялық сауаттылықтарын арттырып, оны келешек ұрпаққа табыстау көзделген еді.
Бадам өзенінің жағалауын тазалауға қала әкімі мен құрылымдық басқармалары және аумақтық органдардың қызметшілері үлес қосты.
Қаланы қоқыстан тазартуға шаһардың ластануына бей-жай қарамайтын түрлі жастағы адамдар атсалысты. Экобелсенділер, студенттер және өзге де тұрғындармен бірге зейнеткерлер де сенбілікке шықты.
Сондай-ақ тұрғындар, көшелер мен үйлердің басқарушылары, мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың қызметшілері белгіленген аумақтарды қоқыстан тазартты. Сенбілікте депутаттар, кәсіподақ, қоғамдық кеңес мүшелері мен кәсіпкерлер және ерікті жастар да белсенділік танытты.
Келесі жалпысенбілікте Әл Фараби ауданы аумағына басымдық беріледі. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша шеткі аумақтардағы қоқыс үйінділерінде тазалық шаралары күшейтіледі.
Ал қараша айында тал егу жұмыстары басталады. Қаланың орталықтары, Тұран елдімекені және аэропорт аумағына жапырақты, қылқан жапырақты түрлі декоративі ағаштар отырғызылады.
Бұл акция қазан-қараша айларында тұрақты түрде жалғасады.
Айта кетейік, Шымкентте тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару және көпқабатты үйлердің аулалары мен қоғамдық орындардың тазалығы үнемі күн тәртібінен түскен емес.
Сенбілік кезінде ұйымдастырушылар барлық қатысушылардан санитарлық шараларды қатаң сақтауға бар күш жігерін салды.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев төтенше жағдай мен карантин уақытында тұрғындардың коммуналдық қызметке төлейтін ақысының мөлшерін азайту бойынша жүйелі шараларды әзірлеуді тапсырған болатын. Осыған орай, карантин енгізілген өңірлерде халықтың жекелеген санаттарының коммуналдық шығыны үшін тұтынушылардың дербес […]
Елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты Шымкент қаласындағы базарлар мен дүкендер және сауда орындары төлемдерді пост терминалдар арқылы қабылдауды бастады. Бұл өз кезегінде коронавирустың таралуына тосқауыл болмақ. Оған қоса көлеңкелі бизнеситің жолын кеседі. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталықта […]
Кисляцких Константин, ветеран ВОВ КИСЛЯЦКИХ Константин Федорович родился 27 декабря 1923 года в деревне Колькуль Солтатского района Омской области в крестьянской семье. До войны окончил сельскохозяйственный техникум, после чего был призван в ряды советской Армии. […]
Пікір қалдыру