Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Арманда» бизнес форумының жетекшілері — медиаменеджер, қоғам қайраткері Арман Давлетяровпен, белгілі дінтанушы Нұрлан Байжігітұлымен, қоғам қайраткері, журналист Ләйлә Сұлтанқызымен, белгілі продюсер Жан Мұқановпен кездесті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жастарды кәсіпкерлікке баулу, отбасы құндылықтарын дәріптеу, тұлғалық даму мәселелерін қамтыған іс шараның спикерлері форумның өзектілігі мен маңыздылығына тоқталып, тың тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, жиында жойылуға таяу мамандықтар мен сұранысқа ие қызмет түрлері жөнінде кең мағлұмат берілді. Спикерлер өмірлік тәжірибелерін айтып берді. Отбасы құндылығы, гендерлік теңдік және әйелдің қоғамдағы рөлі туралы тақырыптар қозғалды. Дін мен ұлттық салт-дәстүрді ұштастыру, ұлттың болмысына сай жастарға әдет-ғұрыпты дәріптеу тетіктері де талқыға салынды. Қатысушылар түрлі сауал қойып, емін-еркін диалог өрбіді.
Форумның мақсаты – өскелең ұрпақтың қаржылық сауаттылығын арттыру, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды игеру, жаңа бизнес түрлерін меңгерудің тетіктерін жеткізіп, бренд қалыптастыруда, тұлғалық дамуда жаңа ізденістерді талқылау. Іс шара жетекшілері бизнесті өркендетуде мегаполистің мүмкіндіктеріне тоқталып, жергілікті халықтың кәсіпкерлік саласында белсенділігін ерекше атап өтті.
Қала басшысы спикерлерге алғысын жеткізіп, Шымкентті дамытуға, жергілікті тұрғындардың тұрмысын жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа бастамаларға қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ форум спикерлері қала аумағындағы әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандарды аралап, жергілікті зауыт-фарбрикалардың тыныс-тіршілігімен танысады. Сонымен қатар қала жастарымен кездесіп, кәсіпке баулу тетіктері бойынша шеберлік сабақтарын өтеді.
Шымкент қаласында егістік жер көлемі 1000 гектарға көбейіп отыр. Бұл туралы әкімдікте өткен аппараттық мәжіліс барысында ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс жерінің көлемі 27,6 […]
Қазақ халқының тарихына көз жүгіртсек, елдің дамуы мен болашағы әрқашан бірлік пен татулыққа негізделіп келгенін көреміз. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген аталы сөз – халқымыздың өмірлік ұстанымы. Шын мәнінде, елді еңселі еткен де, ұрпақты […]
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Абай ауданы тұрғындарымен есептік кездесуден кейін көтерілген мәселелер бойынша «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабына арнайы барды. Қала тұрғыны М. Төлегенова жыл сайын халық саны артып жатқан елдімекендегі мектеп тапшылығы мәселесін […]
Пікір қалдыру